Түркілер алфавитінде – қазақтың «ә» әріпі
Наурыздың 8-10-ында Түркияның Анкара қаласында 6 түркі
мемлекетінің бірлесіп өткізген түркі халықтарына ортақ әліппе
және емле мәселелері туралы конференция болды. Оған Қазақстан
Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Сайлау
Батырашұлы, Қазақстан ұлттық ғылым академиясы Тіл білімі
институтының директоры Әбдуәли Қайдаров пен осы академия
жанындағы шығыстану орталығының директоры Ерден Қажыбеков
қатысты.
- Конференцияны Түркия Сыртқы істер министрлігі құзырындағы
түркі қарым-қатынас және жаңғыру агенттігі ұйымдастырды, - деді
конференциядан оралған академик Ә. Қайдаров ҚазТАГ тілшісімен
әңгімесінде. – Оған Түркияның өзінен Зейнеп Қорқпас, Әбдірахман
Гузел, Мәкмет Сарай, Әзірбайжаннан – профессорлар Афат Курбанов
пен Кемал Абдуллаев, Өбекстаннан – профессор Жаппар Гөкленов, Анна
Гулс, Қырғыстаннан – Қырғызстан Республикасы премьер-министрінің
орынбасары Әбдіғани Еркебаев пен мемлекеттік кеңесші Сағжан Жігітов
сияқты мемлекет қайраткерлері мен тіл мамандары қатысты.
- Мұндай конференция алғаш рет өткізілмеген болар, оның қандай
да бір тарихи негізі бар шығар?
- Жалпы түркілердің о баста тұтас бір халық болып, кейін әртүрлі
себептерге байланысты ұсақ ұлыстарға бөлініп кеткендігін дәлелдейтін
негіз мол. Тұрмыс-салты да, тілі де ұсақ туысқан халықтардың басын
біріктіруді көптеген қайраткерлер арман етті. Соның бір көрінісі – 1926
жылы Бакуде өткен Түркологтардың дүниежүзілік тұңғыш құрылтайы.
Онда түркілердің басын біріктіріп, ортақ алфавит қабылдау мәселесі
қаралды. Алайда қазақ елінің делегациясын бастап барған Ахмет
Байтұрсыновтың араб алфавитіне көшу туралы ұсынысы өтпей қалып,
түркі мемлекеттерінң жазуын латын тіліне көшіру туралы шешім
қабылданды. Сөйтіп, латын әрпіне бірінші болып әзірбайжандар,
қырғыздар және ұйғырлар өтті, ал қазақтар оны 1929 жылы қабылдады.
434
Ізгі ниет жолында түрік көсемі Кемал Ататүрік көп еңбек сіңірді. Араб
мәдениеті мен сөздерін бойына неғұрлым тереңірек сіңірген түрік елі,
қанша болса да, бұл іске барды. Сөйтіп, 1978 жылы Ататүрік өз елін
латын алфавитіне көшіру туралы шешімге қол қойды.
Жоғарыда аталып өткен алты мемлекеттің әрқайсысы конференцияға
латын тіліндегі алфавиттерімен келді. Сол 6 алфавиттен жалпы түркі
халықтарына ортақ 34 әріптен тұратын бір алфавит жасадық. Оны үш
күн бойы талқыладық. Барлық тілдердің ерекшелігі, ұлт өкідерінің
ұсыныстары мұқият қаралды. Ортақ алфавитке 34-інші әріп менің
ұсынысыммен қосылды. Ол – «ә» әрпі. Өйткені, кейбір түркі тілдес
халықтардың тілінде «ә» әрпі жоқ болып шықты.
- Түркілердің ортақ алфавиті қабылданды, ал енді оған көшу
барысы қалай?
- Оны Әзірбайжан мемлекетінің ресми түрде қабылдағанына 2 жыл
өтті. Түрікмен алфавитін латын әрпіне көшіруді 1994 жылға дейін аяқтау
туралы республика президенті С.Ниязовтың қаулысы шықты. Бұл мәселе
жөнінде Қырғызстан мен Өзбекстанда тіл мамандарынан құрылған
арнайы комиссия тек республика Жоғарғы Кеңестерінің шешімін ғана
күтіп отыр.
Бұл жерде біз «ала қойды бөлек қырықпау» керек екенін, латын
алфавитіне көшудің өмірлік қажеттіліктен туып отырғанын түсінуіміз
қерек. Жаңа жазу қабылдап отырмағанымызды, халқымыздың өзі бұрын
пайдаланған алфавитті қайта жаңғыртпақ ниетімізді қазақстандықтарға
баса айтқанымыз жөн. Бүкілтүркіні былай қойғанда, қазақтардың өзінің
әлі күнге дейін ортақ алфавиті жоқ. Мәселен, қытай мемлекетінде тұратын
1,5 миллиондай қазақ араб әрпін пайдаланады. Ол жақтың филологтары
қазір Қазақстаннан шыққан 10 томдық фразеологоялық сөздікті аудару
үстінде. Былай қарасаң, қаншама шығын. Ал егер алфавит тұтастығы
болса, мұндай шығынға батпас еді. Енді осы бір кішкене мысалды
ортақ алфавиті жоқ бүкіл түркі тілді халықтарының сарп етіп отырған
шығынымен салыстырып көріңізші – ол теңіздің бір тамшысындай ғана
емес пе? Тағы бір назар аударатын мәселе, латын әрпіне көшу процесінің
бірден жүзеге асыра салатын оңай шаруа еместігі.
- Қазақстан латын әрпіне көшкен жағдайда республикада тұратын
басқа халықтың өкілдері де осы алфавитті пайдалана ма?
- Конференция соңынан бізді Түркия мемлекетінң Премьер-министрі
Сүлеймен Демирел қабылдап, сұхбаттасты. Түркі халықтарының басынан
өткен тарихты саралай келіп, ол, латын әрпіне көшу әр мемлекеттің
435
өзінің ішкі саясаты, бұл орайда түріктер гегемондық рөл атқармайтынын,
бірақ ізгі ниет жолында баспахана, компьютер сияқты қажетті бұйымдар
жағынан мемлекет тарапынан туысқан республикаларға көмектесу ниеті
барын білдірді. Латын алфавитінің дүниежүзінде кең таралғандығы,
оның мәдениеті мен экономикасын біліп, үйренуге қолайлы жағдай
туғызғандығы айтылды.
«Жас алаш», 19 наурыз 1993ж.
(Сұхбаттасқан М. Қайыңбаев)
Достарыңызбен бөлісу: |