2-китап indd


Сабырлы саясаттың салиқалы шешімі



Pdf көрінісі
бет55/196
Дата17.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#117240
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   196
Байланысты:
68840cb3f30ffba49b4a0b6e74baf6a5

Сабырлы саясаттың салиқалы шешімі
(Латын жазуына ауысу туралы ой)
Қазақ халқы тарихының жарқын беттері мен жабыраңқы сәттері 
аз болған жоқ. Солардың біріне оның тіліне байланысты жағдайлары 
жатады. Тіліміздің болмыс-бітіміне кінарат жабысқанына да біраз уақыт 
өтті. “Батпандап кіріп, мысқылдап шығатын індеттей” ол созылып 
келеді. “Ол неден?” деген сауалға берілетін жауап та көп. Пайымдай 
келе айтарымыз: тіл тынысының тарылуы сонау отаршылдық заманнан 
басталып, тоталитарлық режимнің егемендікке дейінгі біржақты қитұрқы 
саясатымен жалғасқаны да баршаға мәлім. Егемендікке қолымыз 
жетіп, тәуелсіз мемлекет те болдық, Конституциямен заңдастырып, 
Тіл заңын қабылдап, “мемлекеттік тіл” мәртебесіне ие болдық. Бірақ 


120
тіл үшін “күрес” әлі жалғасып келеді; әлі күнге дейін бір ұтысымыз 
бір табысымызға ұласпай келеді. “Егемендік алғанымызға 15 жылдан 
асып бара жатса да, тілдік санамыздағы осы ескі дерттің кетпеуінің 
себебі неде? Одан қалай құтылуға болады?” деген мәселе бүгінде барша 
жұртты қатты ойландыруда. Содан да болар, “егемендіктің бізге бергені 
экономикада болмаса тілімізде еш байқалмайды!” дейді кейбіреулер. Бұл 
да рас. Бірақ аузымызды қу шөппен сүрте беруге де болмайтын сияқты. 
Егемендік алғаннан бері күресіміздің нәтижесінде тіл мәселесін қолма-қол 
шешіп алмасақ та, бірақ оның стратегиялық, теориялық және практикалық 
мәселелеріне тікелей қатынасы бар бір қауым мәселенің басы ашылып, бітер 
істің жарқын болашағы айқындалып келеді. Ол ойлардың көбісі елбасының 
өз аузымен айтылып, жарияланып, қалың жұртшылықтың көңілінен шығып 
отыр. Әрине, олар көп жылдан бері тығырыққа тіреліп, тілдің тұла бойына 
дертін дәл қазір, дәл бүгін шешіп тастайтын “панацеясы” емес, елбасының 
ойланып-толғанып жүргізіп отырған сабырлы да салауатты саясатының 
пайымды да парасатты, өз ретімен бірінен кейін бірін шешуге бағышталған, 
елді даурықтырмай, жұртты үркітпей, қызыл қырман қарбаласына 
айналдырмай жүзеге асыру үшін ұстанып отырған сара жолы. Ол – саясат, 
түптеп келгенде, Қазақстан халықтарының тұтастығын, бейбіт те мамыражай 
қалпын бұзбай, бекем бірлігін қалыптастыру.
Егемендік алғаннан бергі тілімізге байланысты сол ой-тұжырымдардың 
айтылып та, ретіне қарай жүзеге асып та келе жатқан, өзінің орынды кезегін 
күтіп те тұрған, тіліміздің болашақ үрдісінің бағыт-бағдарын әлі анықтай 
түсудің қажеттігін пікір-тұжырымдардың бір қатары, түсінген адамға, әр 
кезде, әр ыңғайда айтылып та қойылды. Тек олардың стратегиялық мән-
жайын түсіне білуіміз керек…
Біз солардың біразын атап өтіп, өзімізше таратып көрейік:
1. Тіліміздің бүгіні мен болашағы үшін ғасырлар бойы тоқтаусыз 
жүріп келе жатқан күрес елбасындағы Е.Колбин мырзаның тіл саясатына 
байланысты, қайткен күнде де қазақ, орыс тілдерін тең мемлекет тілі етіп 
ұсынуына байланысты зиялылар арасында басталып, сол кезде құрылған 
халықаралық 
“Қазақ тілі”
қоғамының қалың жұртты үгіттеп, Орталық 
орынға қап-қап хат ұйымдастырған әрекетін біреу білсе де, біреу білмеді. Бұл 
бірінші жеңіс еді.
Тілімізді құқықтық түрде қорғап қалу, оған заңды түрде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет