122
елестейді. Тіл теориясында бұрын да айтылып жүрген: “әр халық өзінің
мәңгі жасауын, тілінің мәңгілігін қалайды” деген пікірін “тіліміз өлетін болды,
болашағы жоқ!” деген желбуаз пікірлердің қазақ тіліне қатысы жоқ, ол –
оның жарқын болашағын айқындайтын фактор екендігін жауапкершілікпен,
өте бір сенімділікпен жария етіп отыр. Қайсы ел өзінің болашағын тілімен
баламалап отыр. Ал қасіретті көп тартқан қазақ тілінің жағдайында дәл сондай
миссияны атқаруын елбасы ғана айта алады. Бұл мәселенің сөз жүзінде ғана
қалмайтынын елбасының келесі пікірлері дәлелдей түседі.
Ол: “Қазақпен қазақ қазақша сөйлессін!” –
дегені тілді дамытудың
көпұлтты ел татулығын сақтай отыра, Республиканың негізгі халқы –
қазақтардың өздеріне бағыштаған тілегі еді.
Өкіншке орай, бұл тілекті
жұртшылық бірден орындай қоймады. Елбасының осы ойының бір табиғи
жалғасы ретінде енді қалың жұртшылыққа
арнап айтылған мына талап-
тілегінен нені, қандай саяси астарды ұғынуға болады?
“Біз барша Қазақстандықтарды біріктірудің аса маңызды факторы
ретінде мемлекеттік тілді одан әрі дамыту үшін барлық күш-жігерімізді
жұмсауға тиіспіз”
.
Шынында да, бұл күн тәртібінен бірден алынып тастауға болатын
мәселе емес. Өйткені орыс
тілін жетік меңгеру мәселесіне,
біріншіден
,
қоғамда қалыптасқан дәстүрді жалғастыру жатса,
екіншіден
,
көпұлтты
қазақстандықтарды біріктіру факторына жататынын ескертіп отыр.
Елбасының жалпы бағдарлауы бойынша бүгінгі жаһандану процесіне,
нарықтық заманға байланысты Қазақстанда үш тілдің – қазақ, орыс, ағылшын
– қатар дамуы көзделінеді. Бұл халықаралық
сыртқы саясаттың талабына
сай Қазақстанның болашақта жержүзілік 50 мемлекетпен бәсекелесе өмір
кешуінің бір шарты болса керек.
Достарыңызбен бөлісу: