2-китап indd


Қазақтар үшін мемлекеттік тілді білу



Pdf көрінісі
бет60/196
Дата17.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#117240
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   196
Байланысты:
68840cb3f30ffba49b4a0b6e74baf6a5

Қазақтар үшін мемлекеттік тілді білу 
міндетті талап болуы тиіс”
– деп ашық айтты. Осы жауапты талап 
елбасы тарапынан бірден айтылып, тосынан қойылып отыр ма? Бұл 
талаптың бір бастамасы - “Әр қазақ өзі мен өзі қазақ тілінде сөйлессін!” 
деген ғибратты сөзі еді ғой. Ол бұдан 10 жылдан бұрын айтылып еді. 
Сол идеяны өз кезінде орындадық па? Жоқ. Ал соның есесіне біздің 
енді өзімізді-өзіміз қамшылауымызға тура келеді.
Елбасы: “Мемлекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік органдарда, 
қызмет көрсету саласында, құқық қорғау органдарында немесе сот 
саласында жұмыс істеу мүмкін болмайды. Мемлекеттік тілде қойылған 
сұрақтарға сол тілде жауап беруге тура келеді. Уақыт бар, мүмкіндік 
бар, мемлекеттің қолдауы бар - өз функцияларыңды қажетті деңгейде 
жүзеге асыру үшін тілді үйрену керек. Бұл әбден қалыпты және 
өркениетті шарт” – деп ол бұл мәселені түйіп айтты.
Бұл – көпшіліктің көкейінде жүрген, әркімнің мойнына ала беруіне 
болмайтын күрделі мәселе еді. Бұл мәселе де ашық айтылды, орындау 
үшін өкіметке тапсырма беріліп, мезгілі белгіленді. 
Осылайша, егемендікті иеленуімізге байланысты тіл тауқыметін 
шешуде алғашқы қадам жасалды. Шынын айту керек, алғашында 


125
мемлекеттік тіл мәртебесі өзінен-өзі оңай шешіле қалған жоқ… Тіл 
тауқыметімен бірге халықтың бітім-болмысымен қосыла сіресіп 
қатып қалған қасаң дүниелер көп-ақ екен. Бірден бойдан кете 
қоймайтын кінәрәт ретінде ұлт мінез-құлқына сіңіп кеткен құлшылдық 
психологияны атауға болар еді. Екіншіден, қоғамдық өмірдегі ана 
тіліміздің қажеттігін ұмыту. “Сөзі жоғалғанның өзі де жоғалады” 
деген ұғымға мән бермеу. Ана тілі – халықтың жаны, тәні, рухы екенін 
ескермей, баяғыдан қалған дәстүрмен тарта беру. Экономикадағы
саясаттағы егемендікке қолымыз жетсе де, тілдегі егемендікті әлі игере 
алмай келеміз. Мемлекеттік тілімізді өз деңгейіне көтеріп, оны басқару 
қажеттігіне жарату, тіл заң құзырында дамытылса да оны дамытудың 
нақтылы жолдары өкімет тарапынан толық қамтамасыз етілмей қалды…
Латын жазуына көшу, не көшпеу туралы қалың жұртшылықтың 
ой-пікірін білуге бағышталған өткендегі 15 жылдың ішіндегі ой-
пікірлермен оның мақсат, мазмұнымен жамағат жақсы таныс. Оларды 
қайталап, талдап-таратып жатуға да, санамалап шығуға да болады.
Латын жазуына өтуді қолдаушылар да, оған қарсылар да республика 
азаматтары арасында баршылық. Өз пікірін баспа бетінде білдіріп, өздері 
ұнататын әліпбе жобаларын (30 жобаны) жариялап жатқандар да аз 
емес. Біздің пайымдауымыз бойынша, жазуды ауыстыру жағындағылар 
басымырақ сияқты. Елбасының жоғарыда айтқан: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет