2-китап indd


–  Дегенмен де көңілге үміт ұялатарлықтай ілгерілеушіліктің де  бар екендігі рас қой? –



Pdf көрінісі
бет66/196
Дата17.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#117240
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   196
Байланысты:
68840cb3f30ffba49b4a0b6e74baf6a5

– 
Дегенмен де көңілге үміт ұялатарлықтай ілгерілеушіліктің де 
бар екендігі рас қой?
– 
Әлбетте, бұл мәселеде бізде жетістік жоқ деуге болмайды. 
Бірқатар игі нышандардың бар екендігі рас. Мәселен, Президентіміздің өзі 
тағына отырар алдында қазақ тілінде емтихан тапсырғанын білеміз. Ол 
кісіден емтихан алғандардың қатарында мен де болдым. Енді жасыратын 
несі бар, Елбасымыз қазақ тілін өте жетік меңгерген ғой, тіл қорының 
байлығы бірден байқалып тұрды...
Міне, сондай жағдай...
– 
Тіліміз бай, тек соның мемлекеттік маңызын арттыру жағы 
әлсіздеу дейсіз ғой?
– 
Рас, солай. Тілдің өзінде кінә жоқ. Қазақтың тілі бай. Оны 
күстаналауға болмайды. Олай дейтініміз, қазақ тілін жақсы білетін адам 
Маркс, Энгельстің еңбектерінен бастап бүкіл жер жүзіндегі тілдерді аудара 
алады. Біздің тіліміз жетпейді деу ағаттық. Тіліміздің қоры бәріне жетеді, 
тіпті асып та кетеді. Қазір жер жүзіндегі бай тіл ағылшын тілі деп жүр. 
Оксфорд сөздігінде 1милионға жуық сөз бар дейді. Ал енді біз әр сөздің 
жеке санын емес, мағынасына қарай есептейтін болсақ, бір сөздің бірнеше 
мағынасы бар. Одан кейін фразеологизм дейді, тұрақты сөз тіркестері... 
Осылардың әрқайсысын жеке-жеке бір мағынадан есептесек, қазақ тілінде 
де 1 миллионға жуық сөз қоры бар. 
Сондықтан да мен айтамын, қазақ тілін «қойшылардың тілі», 
«мемлекеттік тілге жарамайды» деп жүргендердің бәрі бос сөз.
 – Демек біздің тіліміздің мүмкіндіктері шынымен-ақ орасан десек 
қателеспейміз...
– 
Қазақ тілінің басқа тілдерден ерекшеліктері, артықшылықтары 
көп. Соны дұрыс пайдалана білсек...Мысалға, біз бірінші кезекте орыс 
тілімен салыстырамыз. Себебі, біздің терминологиямызда орыс тілі 


133
арқылы енген интернационалдық сөздер құрамы 75 пайызды құрайды. 
Осының салдарынан тіліміз біршама бояу-нақыштарын жоғалтуда. 
Әйтпесе интернационалдық сөздер қай тілде жоқ? Бәрінде бар. Тек 
біздің тіліміз сондай сөздерді өте көп мөлшерде қабылдауда. Бар мәселе 
сонда.
Кейбіреулер осыған орай «Біз өзге терминдерді сөз жетпегендіктен 
қабылдаудамыз», – дегенді айтуда. Олай емес, біздің сөз байлығымыз 
оларды түсінікті тілмен беруге жетеді. Тек сол мүмкіндікті өзіміз дұрыс 
пайдалана алмай отырмыз. 
Тіліміз өте бай тіл. Еркебұлан дейтініміз, біздің тіліміз ресми тілдің 
стандартына көнбейді, еркін. Біздің әрбір сөзіміз ояу, астарында бірнеше 
мағына, бірнеше ой жатады. Міне, соның бәрі терминнің талабына сай 
келмейтін қасиеттер. Бір жағынан сондықтан да жан-жақтылықтан 
қашып, орысшасын ала бердік қой. Сөйтіп, орысша сөздерді әбден 
орнықтырып алдық та, енді содан құтыла алмай жатырмыз. Орысшадан 
қол үзгісі келмейтіндер бар. 
Бір жаманы, осыны түсінбейтіндер де кездеседі. Тіпті кейбір 
ақсақалдарымыздың өзі «Өй, ана сөз жақсы еді құлағымызға сіңіп 
қалған, мына сөз жақсы еді», – деп жатады. Бұл дұрыс емес. Егер ұлт 
болып қалыптасқымыз келсе, кешегі мен бүгінгіні емес, болашақты 
ойласақ, онда ана тіліміздің тазалығын сақтауға тырысуымыз керек.
–Өмірлік маңызы зор жанды пікіріңізге қарсы айтар дауым жоқ, 
аға. Бірақ, осы ұлтаралық терминдерге қатысты ғалымдар арасында 
не түрлі көзқарастар бар емес пе?
– 
Иә, ұлтаралық лексиканы қабылдамай, қалай күн көреміз деп 
«жылайтындар» да жоқ емес. Олардың бұлайша қорқуы бекершілік. 
Өйткені, жер жүзіндегі тәжірибеге қарайтын болсақ, мысалға жапондар, 
40-жылдардан бастап бүкіл техникаларды өз тілінде шығаруда. Ал 
олардың техника саласындағы жетістігі қандай екендігін бүгінде бүкіл 
әлем біледі. Қытайлар да солай. Және бұлардан басқа қанша елдер бар, 
тек өз тілдерін ғана қорғап, дамытып жатқан. 
Кейбіреулер айтып жүргендей, интернационалдық терминдерді 
аударуға болмайды деген сөз дұрыс емес. Болады. Бірақ, мысалға 
медицина саласындағы мыңдаған латын тіліндегі атауларды аударудың 
жөні жоқ. Олар халықаралық деңгейде қалыптасып қалған терминдер.
Міне, сондықтан да ғалымдар жан-жақты ақылдаса отырып, ортақ 
шешім бойынша қабылдаса, тілімізге көптеген жаңа сөздерді енгізуге 
болады. 


134


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет