130
–
Бір сенім, бір үміт деген сөз бар ғой қазақта. Біздің ана
тіліміздің бүгінгі жай-күйі дәл сондай. Менің осы тіл саласында
қызмет істегеніме 50 жылдан асты... 1951
жылы аспирантураға
түскем. Содан бастап, осы Тіл білімі институтында еңбек еткеніме
міне 51 жыл болыпты. Ешқайда ауысқан жоқпын, ешқайда барған
жоқпын. Жартығасырлық ғұмырым бір институттың қабырғасында
өтті. Соған қарап бүкіл өмірім қазақ
тіліне арналды ғой деп
ойлаймын.
Енді... жалпы тіл туралы айта берудің қажеті жоқ шығар...
бүгінгі тілдің жағдайы... мемлекеттік тілге мәртебе алып береміз деп
күрестік. Ондағы мақсат, біріншіден тіліміздің мүшкіл халін жөндеу,
халықтың санасын ояту. Екіншіден, мемлекеттік тілге мәртебе
алғаннан кейін, оның бір тұтас үстемдігі үшін заң жүзінде күресу.
Әйтпесе қай ұлт тілін сақтау үшін күреспейді дейсіз. Күреседі,
әрине... Соның арқасында қазіргі кезде
мына мемлекеттік туымыз
үшін күресу бұрынғыға қарағанда әлдеқайда дұрыстау жүргізілуде.
Мемлекеттік тіл қазақ тілі болсын деп Колбиннің заманында
айқаластық та... Ол үшін кезінде Колбин республика конференциялары
мен пленумдарында екі-үш рет менің атымды атап көрсетіп, талай-
талай сөздерді де айтты емес пе.
Түрлі отырыстарда, жиналыстарда қайта-қайта айтып, мазасын
ала берген соң сөйтті ғой...
–
Сонда ол кісінің сізді жақтырмаған себебі, екі тілді де
мемлекеттік жасағысы келді ме?
–
Иә. Қазақстанда мемлекеттік тіл екеу болуы керек деген
мәселе оның миына Ресейде жүргенде-ақ қатталып, сіңісіп келген.
Міне, сол идеясын жүзеге асырғысы келді. Оған мен,
Қазақстан өз
алдына жеке мемлекет, оның өз тілі болуы керек, ал
орыс тілінің
өз мемлекеті бар дегенді айтып, жиі-жиі қарсы шыға бердім ғой.
Сондықтан да оған жаманатты болдым, бірнеше мәрте сынға іліктім...
Әрине, ол мақтаныш емес... Оның бәрін ел-жұрт біледі. Сол кездерде
қатты күрестік, «Қазақ тілі» қоғамын құрдық. Сөйтіп, сол қоғам арқылы
халықтың санасын оятуға тырыстық. Абырой болғанда,
ісіміз нәтижесіз
қалған жоқ, елдің санасы оянды сол кезде. Мынау ауыл-ауылдардың
барлығында халық балаларын қазақ балабақшаларына, қазақ мектептеріне
беріп, жағдайымыз оңала бастады. Жалпы, қазақ тіліне бетбұрыс сол
уақыттан
бастау алып, «орыс тілін білмесең, наныңды тауып жей
алмайсың» дегендей сыңаржақ көзқарас содан бастап, өзгерді деуге болады.
131
Бірақ, «Ауру
батпандап кіреді, мысқалдап шығады» дегендей, бойға
әбден сіңген оңалуы қиын ескі дертті жеңу, одан арылу оңай емес.
Достарыңызбен бөлісу: