135
–
Біздегі қалыптасып қалған демографиялық жағдайға қарай,
олай істеуге болмайды. Өйткені республикамыздың бірқатар облыстарында
орыс ағайындардың саны көп. Егер жаңағы айтылғандай,
Жарлық
шықса, солардың бәрінің байбалам салатыны анық. Шындығында, біз сол
тыныштық үшін өзімізді көп нәрседен шектеп отырмыз ғой...
Мысалға, сол Ресейдің өзінде орыс тілін білмеген адам үкімет
басындағы жоғарғы қызметке тағайындалмайды. Сол сияқты Германияда
да неміс тілін білмейтін адамды жұмысқа алмайды. Ал бізде ше? Бізде орыс
тілі ұлтаралық қатынас құралы, ресми тіл қызметін атқаруда. Бұлай болғаны
дұрыс емес. Тіл саясатындағы жалтақтықтан арылмай, ісіміздің оңалмасы
анық. Соны біле тұра, түсіне тұра солай істеуге мәжбүр болудамыз.
Елбасының ойлайтыны, алдымен ел ішінің тыныш болуы. Тіл мәселесі
тұра тұрар, ұлтаралық татулықты сақтаудың мемлекетіміз үшін өмірлік
маңызы зор дейді ол. Бұл туралы талай ол кісімен әңгімелескенбіз. Әрине
ел
ішінің ынтымақты, бейбіт болуы ең басты нәрсе. Бірлігіміз ыдырамасын
делік.
Ең бастысы, ұлт санасында сілкініс болуы керек. Осылай деп мен
жазғанмын да. Мәселен, латын графикасына
байланысты жағдай да
осындай күйде...
Достарыңызбен бөлісу: