150
бойынша іске асуы керек. Оны іске асыру үшін толып жатқан шарттар
сақталуы тиіс.
Біріншіден, заңның өзінің қабылдануы, яғни мемлекеттің
ана тілін ұстап қалу, оны болашақта дамыту үшін заңдандырылуы
үкімет тарапынан жасалған қамқорлық деп бағалау керек. Бұл бізде бар.
Екіншіден, заңның іске асуына қажетті, оны қамтамасыз ететін мемлекет
тарапынан тиісті қаражат бөлінуі керек. Қазақ ССР үкіметі 2000-шы жылға
дейінгі қазақ тілі туралы бағдарламасында бұл туралы атап көрсеткен.
Егер соның бәрі іске асатын болса онда біздің заңымыз толық жүзеге асады
деп ойлаймын. Бұл бағдарламада қазақ тілі үшін 2,5 миллиард сом қаржы
бөлінеді делінген. Қазіргі қалыптасқан экономикалық жағдайға байланысты
ол әлі бөлінген жоқ.
Үшіншіден,
заңды ел болып, жұрт болып шын көңілден ықыласпен
қабылдау, оған қолдау көрсету қажет. Тілге ықылас болмаған жерде нәтиже
шығуы қиын.
Төртінші, бүкіл ел болып, жұрт болып халқымыздың ұлттық, жұрттық
сана-сезімін ояту керек деп білемін. Өйткені, бүкіл республика бойынша
қазір 17 облыс, 80-нен аста қала, 250-ден астам аудандарда «Қазақ тілі»
қоғамының ұйымдары құрылып болды. Өз жұртымыздың қазақ тіліне
деген ықыласы, ынтасы өте жоғары. Соған қарағанда бұл қоғам ерте ме,
кеш пе өзінің алдына қойылған міндетін орындайды деген нық сенім
бар.
Әрине, қазір заң ойдағыдай еш кедергісіз іске асырылып жатыр
деп айту қиын. Өйткені, 70 жылдан бері қағажу көріп келген тілімізді
қалпына келтіру үшін уақыт керек. Бұған ең кемінде 5–10 жыл қажет.
Бұларды заңның орындалу барысына байланысты айтып отырмын.
– Әбеке, қазақ тілі туралы заңның іске асуына кедергі болып
жүргендер туралы айтсаңыз?
– Біз заң қабылдағанда оны орындалады, оны іске асыру міндетіміз
деп қабылдадық. Бірақ, қазірдің өзінде заңға оң жақтан да, сол жақтан да
шабуыл жасаушылар бар. Біреулері, ол тіпті қазақ халқының өкілдері,
олар тілдік нигилизмге салынғандар. Олар қазақ тілінің қажеті қанша,
онсыз да көшіміз жүріп келеді ғой дейді. Біз олардың біразымен күрес
жүргіздік, біразына сын айттық, бірқатарына түсіндірдік. Олардың
бірсыпырасы қазір түсінгендей сыңай білдіріп жүр. Сондай-ақ кейбір
адамдар ашығын айтқанда сол заңның болашағына сеніңкіремейтін
пиғыл білдіреді. Бұлар әсіресе, қазақтың зиялы қауымы, орысшаға ден
қойып
кеткен совет, партия қызметкерлерінің арасында бар. Реті келсе
бұлардың бірқатарының аяқтан шалу, етектен басу,
кейін тарту секілді
151
әрекеттері байқалып қалады. Екіншіден, қазір ашық айтып жүрміз, басқа
ұлттардың өкілдері, әсіресе орыс ұлтының өкілдері біздің заңымызды
өздері үшін құбыжық көретін пиғыл білдіріп жүр. Осы заң азаматтық
праволарына
зиянын тигізетіндей, күндердің күнінде қазақ тілі арқылы
өздеріне қысым жасалуы мүмкін дегендей қарсы әрекет жасайды. Мінеки,
осы жағдайларға қарамастан бүгінгі таңда жүз процнт деп айту әрине
қиын, бірақ заң өзінің күшіне енгенінен бері, одан бұрын да ел болып, жұрт
болып жүргізген жұмыстың нәтижесінде кейбір жоспарлы істер жақсы
басталды.
Заңның жүзеге асуының жолдары көп. Тілдің өзі бар да оған қатысты
мәдени, рухани өміріміз тағы бар.
Балабақшадан бастап, мектептерде,
жоғары оқу орындарында қазақ тілінде білім, тәрбие беру басталды.
Бұл бұрын-соңды болмаған жағдай. Жаңадан жүздеген балабақшалар,
мектептер қайта ашылып жатыр. Кейбіреулердің берген бағасындай заңның
іске асуында кішкене мимырттық жүрістің бәсеңдігі, шабандық бар. Оның
да себебін айтуға болады. Бір себебі, заңымыздың өзі халқымыздың өзі
секілді момақан, жуас,
жалпақ шешей, созылуға ыңғайлы тұратын заң.
Сол Заңдағы 33-баптың жиырма шақты бабында мемлекеттік қазақ тілімен
қатар орыс тілі бірге жүр. Соның өзінде де кейбір жолдастар бұл заңға қырын
қарайды. Егер екі тіл мемлекеттік тіл ретінде қатар жүргенде бұрынғы
70 жылдық дәстүрді бұзып, қазақ тілін ілгері шығарып, мемлекеттік тіл
ретінде таныту деген оңай шаруа болмай қалады.
Бұл алдымен сана-сезімге де байланысты. Әлі күнге дейін
парламенттік жиналыстарда қазақ тілі өзінің бойын көрсете алмай келеді.
Ол анау есіктің аузында тұрған өгей бала сияқты, төрге шыға алмайды.
Бұл туралы көптеген пікірлер бар. Дегенмен де, Қазақ ССР Президенті Н.
Ә. Назарбаев жолдас өзі өткен кездесулерде, теледидарда әрі қазақша, әрі
орысша сөйлеп, тілімізге мән беріп, үлгі көрсетіп жүр. Осы сияқты біздің
басшы кадрларымыз, азаматтарымыз мүмкін болған жерде қазақша сөйлеу
керек. Сонда оны көріп отырған қарапайым халық «жоқ мынау тілді
үйрену,
құрметтеу керек екен, бұл мемлекеттің тілі» деп сезінетін
болады.
Достарыңызбен бөлісу: