218
(органы) ғана емес, пәрменді қозғаушы күші болмаса, дәл бүгінгідей
ел арасында танымал болуы, азды-көпті игілікті табыстарға жетуі
мүмкін емес еді. Шынтуайтқа келгенде, «Ана тілі» апталығы «Қазақ
тілі» қоғамының тіл үшін, демек, халықтың, дербес мемлекетіміздің
болашағы үшін, бес жылдық күресі
арқылы нышаны айқындалып,
негізі қалыптаса бастаған ұлттық идеологияның жаңа үрдісін
айқындаушы, оны қалың көпшілік арасында уағыздаушы тегеурінді
бұқаралық құрал дәрежесіне көтерілді. Оған бір дәлел – «Ана тілінің»
халық арасындағы беделі.
«Ана тілі» апталығының еліміз әлі де егемендік алмаған
тоталитарлық идеологияның үстем кезінде алғашқы қоғамдық газет
ретінде дүниеге келуінің өзі – мәдени өміріміздегі елеулі оқиға
болатын. Осыған орай мен халықаралық «Қазақ тілі»
қоғамының
президенті ретінде сол қоғамның кезекті ІІ Құрылтайы үстінде (1993
ж.) «Ана тілі» апталығының о баста (1990 ж.) дүниеге келуіне себепкер
болған Өзбекәлі Жәнібеков мырза мен бүгінде Елбасы – Президентіміз
Нұрсұлтан Назарбаев мырзаға қоғам және апталық атынан алғысымды
айтқан болатынмын. «Ана тілі» апталығының марқайып отырған
бүгінгі 5 жылдық мерейтойында сол ризашылығымды қайталай
отыра, енді
осы газеттің негізін қалаған, қазір жарқырата шығарып
отырған іскер де талантты журналистерге, түгел газет ұжымына шын
жүректен алғысымды айтамын! Қаламдарың мұқалмасын,
қасиетті
қазақ тілінің шынайы қамқоршылары! Илаһим, «Ана тілі» көтерген
тіліміздің биік туы әрдайым алдымызда желбірей берсін!
«Ана тілі», 22.03.1995
Достарыңызбен бөлісу: