НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет118/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Қаржы секторының дамуы
2000-шы жылдардың басында Ұлттық банк жауапкершілігінің аясы 
кеңейіп, рөлі арта түсті. Оның құзырына сақтандыру және банктік бақылау, 
құнды қағаздар нарығын қадағалау және жинақтаушы зейнетақы қорла-
рын басқару функциялары топтастырылды
2001 жылдан бері макроэкономикалық тұрақтылық жағдайында Ұлт-
тық Банк ақша-несие саясатының бағыт-бағдарын алдын ала үш жылға 


222
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
айқындап қоятын болды. Әлемдік тәжірибеге сәйкес, 2003 жылы Ұлттық 
банктің кейбір өкілеттіктерін өз құзырына алған Қаржы нарығы мен қаржы 
ұйымдарын реттеу және бақылау жөніндегі агенттік құрылды. Осының бәрі 
ұлттық қаржы жүйесінің тиянақты жұмыс істеуіне және отандық банктердің 
серпінді дамуына қозғау салды.
2005 жылы Ұлттық банктің сақтық қоры 7 миллиард доллардан асты 
(1993 жылы теңге айналымға алғаш шыққан кезде ол 452 миллион доллар 
еді). 2000–2007 жылдары банк секторы республикамыздағы қаржы жүй-
есінің ең ірі және шапшаң дамып келе жатқан сегменті саналды. 2003 жыл-
дан бастап отандық коммерциялық банктер қаржы есебін берудің халықа-
ралық стандарттарына көшті.
Осы кезеңде экономиканы несиелеу банктер үшін басты басымдыққа 
айналды. 2006 жылы екінші деңгейлі банктердің жиынтық несие қоржын-
дары 3 триллион теңгеден асып кетті (1996 жылы бұл көлем 60 миллиард 
теңгені құраған-ды). Елімізде екінші деңгейлі 34 банк жұмыс істеді, соның 
ішінде Қазақстан бейрезиденттерінің тоғыз еншілес банкін қоса алғанда, 
шетелге қатысы бар 14 банк болды. Жалпы несие қоржынындағы орта 
және ұзақ мерзімді қарыздардың үлесі үнемі өсе берді. Екінші деңгейлі 
банктердегі халық депозиттері жылдам қарқынмен ұлғая түсті. Жан басына 
шаққандағы салым мөлшері жөнінен Қазақстан жаңа тәуелсіз мемлекеттер 
арасында ұдайы екінші орын алып отырды.
Қазақстанның банк секторы ТМД елдері арасында ең үздік нәтижелер 
көрсетті. 2000-шы жылдардың ортасында бұл жетістікті халықаралық ұй-
ымдар мен рейтинг агенттіктері ресми түрде мойындаған болатын.
2000-шы жылдардың басында төлем жүйелері шапшаң дами баста-
ды. Қазақстан толықтай дерлік төлемнің электронды тәсіліне көшті, мұның 
өзі аталған процестің атқарылу уақытын он күннен екі сағатқа дейін жыл-
дамдатты. 2003 жылдан бастап халықаралық төлем карталарымен есеп 
айы рысуға мүмкіндік туды. Он шақты жыл шамасында айналымдағы төлем 
карталарының саны 9 миллионға дейін өсті. Мұндай картаға зейнеткер мен 
студенттен бастап, әрбір қазақстандық ие болды десек, артық емес. Төлем 
жүйелерінің дамуы ұлттық қаржы инфрақұрылымының жетіле түскенін көр-
сетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет