НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет115/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Өсімге қажетті инвестициялар
1990-шы жылдардың екінші жартысында мен алдыма үлкен нақты мақ-
сат – Қазақстанды мейлінше қолайлы инвестициялық климатқа ие елге ай-
налдыру мақсатын қойдым. Бұл оңай шаруа болған жоқ, бірақ 2000-шы 
жылдары-ақ мақсатыма қол жеткіздім. Жұмсалған күш-жігеріміздің нәти-
жесін шетелдік әріптестер өте жоғары бағалады. 2002 жылы Қазақстан ТМД 
елдері ішінде бірінші болып тәуелсіз инвестициялық рейтингке ие болды. 
Бұл елімізде инвестиция салу үшін қолайлы ахуал қалыптасқанын ресми 
бекемдей түскен жайт еді.
Инвестициялық саясат Шетелдік инвесторлар кеңесі отырыстарында 
ұдайы талқыланды. Мен салым көлемі мен инвестицияланған жобалардың 
санын арттыру туралы мәселе көтеріп қана қойған жоқпын, сонымен қатар 
инвесторлардан салық түсімдерін толық өтеуін, жергілікті жұмыс күшіне ба-
сымдық беруін, теңқұқықтық бәсекені ұстануын талап еттім.
2005 жылы Шетелдік инвесторлар кеңесі аясында менің қатысуым-
мен Каспий өңірі инфрақұрылымын дамыту, жалпы Қазақстан экономика-
сын индустриаландыру және әртараптандыру мәселелерін нақты арнада 
талқыға салдық.
Қолайлы ахуалдың қалыптасуы Қазақстан экономикасына шетелден 
ағылған инвестиция көлемінің арта түсуіне сеп болды. 2000-шы жылдары 
біздің елге әлемнің қырық шақты мемлекетінің іскерлік құрылымдары өз 
қаржы ресурстарын салды. Негізгі инвесторлар АҚШ, Нидерланды, Ұлы-
британия, Франция, Италия және Швейцарияның компаниялары болды.


218
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Нәтижесінде Қазақстан тікелей шетелдік инвестицияның жан басы-
на шаққандағы көрсеткіші жөнінен жаңа тәуелсіз мемлекеттер арасында 
айқын көшбасшыға айналды. 1993–2005 жылдар аралығында ғана оның 
көлемі жан басына шаққанда шамамен 2 мың доллар тікелей шетелдік ин-
вестициядан келді. Бұл үрдіс әрі қарай да сақталды.
Әу бастан-ақ мен ең әуелі шетелдік бизнес тек өздерінің біржақты ком-
мерциялық және қаржылық мүддесін көздеп, Қазақстанның және халқы-
мыздың мүддесін ескермейді, тіпті оған зарарын тигізетін болады деп 
алаңдаған қазақстандықтардың қаупін сейілтуге күш салдым. Мемлекет 
өзінің заңдарымен, акциялар пакетімен бәрін өз қолында, бақылауында 
ұстап отыр – ешкім алаң болмасын деп, отандастарымды толық сендірдім.
Көптеген сарапшылар инвестиция үшін лайықты нысан ретінде 
Қазақстан еуразиялық қана емес, жаңа нарықтық экономикаға ие шығыс-
еуропалық елдердің арасында да жетекші орын алатынын атап өтті. Оның 
үстіне, Бүкіләлемдік банк Қазақстанды әлемнің инвестиция салуға мейлінше 
қолайлы жиырма елінің қатарына қосты. 
2009 жылдың желтоқсанында Шетелдік инвесторлар кеңесінде «Chevron» 
корпорациясының вице-президенті Джордж Киркланд: «Қазақстанның 
сындарлы саясаты, ықпалдаса әрекет етуі өзара қарым-қатынастарды 
тереңдетудің, шекараларды жойып, жаңа мүмкіндіктер ашудың жарқын 
мысалы екенін айрықша атап өткім келеді, – деген болатын. Ол – бұл істе 
Шетелдік инвесторлар кеңесі маңызды рөл атқарады. Біз Қазақстанның 
кез келген қиындықты жеңе алатынына сенімдіміз. Өз тарапымыздан 
біз Қазақстанға қажетті технологияларды дамытуға, оның экономикасын 
әртараптандыруға септігін тигізер жобаларға күш салуға ниеттіміз» деп 
атап өтті.
Сол сәтте Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Томас 
Миров маған былай деді: «Қазақстанның тікелей шетелдік инвестицияны 
көп көлемде тарту жөнінен табысы қомақты-ақ. Республикаларыңызға 90 
миллиардтан астам шетелдік капитал құйылды. Қазір дағдарысқа қара-
мастан, елдеріңіздегі шетелдік инвестиция жайында мәселе талқылап оты-
руымыздың өзі көп жайттан хабар береді. Қазақстан басшылығы жаһан-
дық рецессия салдарынан арылуға бағытталған батыл қадамдарға барып 
отыр. Бұл істің нәтижесі разы етпей қоймайды».
Жалпы Тәуелсіздік кезеңінде, 2012 жылға дейін Қазақстан экономикасы-
на 160 миллиард доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция салынды.
2010 жылдан бері экономикамыздың толық айыққанын айғақтайтын 
жаңа үрдіс байқала бастады – ішкі инвестициялардың көлемі ұлғая түсіп, 
шетел капиталының салыстырмалы салмағын азайтты. Бұған қоса, 2000-


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
219
шы жылдардың алғашқы онжылдығының орта шенінде-ақ Қазақстан біз-
бен ынтымақтас мемлекеттердің белсенді сыртқы инвесторына айналды. 
Сөйтіп, еліміз толыққұқықты субъект, белсенді қатысушы ретінде әлемдік 
шаруашылық және халықаралық қаржы-экономикалық қатынастар жүйесі-
не толығымен кірігіп кетті.
Шетелдік инвестициялар 2000-шы жылдары Қазақстанның өндіруші са-
лаларын дамытуда маңызды рөл атқарды. Енді Үкімет үшін жаңа сапалы 
деңгейдегі міндет – өңдеуші салаларға шетелдік инвесторларды лек-ле-
гімен тарту үшін қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру міндеті 
бірінші кезекке қойылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет