НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Индустриалды-инновациялық даму стратегиясы



Pdf көрінісі
бет116/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Индустриалды-инновациялық даму стратегиясы
2000-шы жылдардың басындағы экономикалық өсім мемлекет тізгінін 
ұстаған басшыларға тарихта бірінші рет ұлттық экономиканың қалыпта-
са бастаған үлгісіне назар салып, кешенді түрде қарастыруға мүмкіндік 
беретіндей саябыр сәт туындатты. Жаһандық экономика дамуының ке-
зеңділігі нарықтағы күрт құлдыраулардың жалғасуына себеп болары айқын 
аңғарылды. Мен мына жайтты анық түсіндім: бізге тиянақты да теңгерімді 
дамудың үлгісі керек екен. Ол үшін экономиканың басты трендін түзетіп, 
оны шикізаттық сипаттан индустриалдық, өңдеушілік бағытқа әртараптан-
дырудың жолын табу қажет еді. 
2003 жылдың сәуіріндегі Жолдауымда мен минералды шикізат жаңғыр-
тылмайтын ресурс саналатынын, ал кен орындарының көп ұзамай сарқы-
латынын ескерткен болатынмын. Болашақта бұл мәселе экономикалық 
тәуелсіздігімізден айырылуға апарып соғуы да мүмкін еді.
Жағдайдың осындай сипат алуын болдырмас үшін Үкіметке Қазақстан-
ның Индустриалды-инновациялық даму стратегиясын жасау тапсырылды. 
2003 жылдың 20 мамырында Стратегия бекітілді. Ол елдің тұрақты дамуын, 
ұлттық экономиканың жаңғыру, әртараптану және жоғары бәсекеге қа-
білетті болу арқылы шикізат бағытынан индустриалды-инновациялық даму 
тарапына қарай өтуін көздейді.
Стратегия аясында мынадай маңызды міндеттер белгіленді: эко-
номика құрылымын өзгерту және шикізаттық емес экспортты ұлғайту, 
еңбек өнімділігін арттыру және энергияның жұмсалуын азайту, индус-
триалды дамуды кадрлармен қамтамасыз ету; қаржы жүйесінің мығым-
дығы, отандық өндірушілер үшін қолайлы кәсіпкерлік климат пен ин-
фрақұрылым қалыптастыру, өнеркәсіп пен ғылыми-техникалық саланы 


220
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
өзара байланыстыру, мемлекеттік стандарттарды халықаралық талап-
тармен үйлестіру.
Үкіметтің есебі көрсеткеніндей, Индустриалды-инновациялық даму 
стратегиясын жүзеге асыра келе, Қазақстан ІЖӨ көлемін 3,5 есеге ұлғайтуға 
толық мүмкіндік алады. Осыған байланысты 2003 жылдың желтоқсанында, 
Тәуелсіздіктің 12 жылдығына арналған салтанатты жиында мен алда бізді 
орасан зор жұмыс, ал Үкіметті нағыз сынақ күтіп тұрғанын ашық айттым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет