ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
221
қақпасы» (логистика), «Тараз химия паркі» –
даму инфрақұрылымының
маңызды элементтеріне айналды.
Арнайы экономикалық аймақтар экономикалық өсімнің, инвестициялар
мен технологияларды айрықша қарқынмен тарта түсудің, бәсекеге қабілет-
ті өндірістер ашудың өзіндік көзі ретінде қызмет етті. Олар қалалардың,
өңірлердің және жалпы елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің дамуы-
на септігін тигізді.
2006 жыл Қазақстан экономикасында мемлекеттік активтерді басқару-
ды орталықтандырумен ерекшеленген жыл болды.
Мемлекеттік активтерді
бірлесе басқарудың сапасын жақсарту үшін «Самұрық» ұлттық холдинг
компаниясы құрылды. Оған мұнай өндіру, құбыр желісі, байланыс, машина
жасау, энергетика, авиация, теміржол секілді мемлекет үшін өмірлік маңы-
зы бар салалардан үш жүзден астам компания кірді.
Мемлекеттік холдингтер құру – дүниежүзілік қолданыста бар, жалпыға
ортақ үрдіс. Ұлттық басқару холдингін құру
идеясын мен алдыңғы қатарлы
әлемдік тәжірибелерді зерттеу негізінде ұсындым. 2003 жылы Сингапурге
барған сапарымда мен жергілікті ірі компанияларды басқаратын «Тема-
сек» холдингінің қызметімен танысқан едім. Малайзияның «Казанах» хол-
дингі де тура солай жұмыс істейді екен.
Сол 2006 жылы мемлекеттік «Қазына» тұрақты даму қоры (ТДҚ) құрылып,
оның құрамына бұрын ашылған даму институттары кірді. Оларды біріктіру
аталған құрылымдар қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға деген
қажеттіліктен туындаған болатын. Бұл шаралар өзінің барынша тиімділігін
бірден дәлелдеді, келесі жылдың өзінде-ақ ұлттық «өнеркәсіп көшбасшы-
ларын» өсіріп-жетілдіру механизмі жасалды.
Жүргізілген реформалардың нәтижесінде
Қазақстанға жоғары техно-
логиялы ірі макрожобалар енгізіле бастады, олар елдің ресурстары мен
экономикалық қуатын бір бағытқа шоғырландырып, экспорт пен өнеркәсіп
құрылымын біртіндеп өзгерте берді.
Достарыңызбен бөлісу: