НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау



Pdf көрінісі
бет136/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау 
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау дағдарысқа қарсы бағдарламаның 
маңызды бағыты болды. 2008–2010 жылдар аралығында мемлекет ШОК-ты 
қолдауға 400 миллиард теңге жұмсады. Бұл 10 мың кәсіпкерлік нысанды 
демеуге және 13 мың жұмыс орнын сақтап қалуға көмектесті. Көптеген ха-
лықаралық сарапшылар Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдаудың ауқымын 
қошеметпен атап көрсетіп жатты. Ол төрт бағытта жүргізілді.
Біріншіден, арзан заемдық қаражат алуға жол ашылды. Оның несиелік 
үстемесі 14 проценттен аспады. Екіншіден, тауарлар мен қызметті мемле-
кетке сатуға кепілді мүмкіндік берілді. Бағдарламада қазақстандық мазмұн-
ды дамытуға жеңілдетілген несие қарастырылды, ал ол жаңа кәсіпорын-
дарды игеруге жағдай туғызатын. Үшіншіден, отандық кәсіпкерлерге 
инвестициялық жобаларға қатысуға ұсыныс жасалды. «30 корпоративтік 
көшбасшы» бағдарламасы бойынша мемлекет шағын және орта кәсіп-
керлік желісін құрушыларға жәрдем көрсетті. Төртіншіден, қолайлы биз-
нес-орта қалыптасты. Бұл бағытта кешенді шаралар жүйелі түрде біртіндеп 
іске асырылды. Жаңа Салық кодексі шикізаттық емес секторға түсетін сал-
мақты азайтты. Сондай-ақ шағын кәсіпорындар үшін бірқатар жеңілдіктер 
белгіленді. Бизнеске әкімшілік кедергілер де айтарлықтай төмендеді. 
Ауыл шаруашылығы кешеніне мемлекет 1 миллиард доллар бөлді. Бұл 
қаржы астық экспорты инфрақұрылымын қалыптастыруға, ет, жүн және 
жеміс-көкөніс дақылдарын өңдеуге бағытталды. Жаңа жылыжай шаруа-
шылықтарын, көкөніс сақтау қоймаларын, құс фабрикаларын және сүт 
фермаларын салу жұмыстары басталып кетті. 
Қолданылған шаралар тиімді және пәрменді болды. Шағын және орта 
бизнесті қолдауға қатысты саясат іске асты. Бұған еліміздің барлық өңірінде 
кәсіпкерліктің белсенді жұмыс істеп тұрған нысандарының саны көбейгені 
дәлел болды. Дағдарысқа қарамастан, 2009 жылы шағын және орта бизнес 
кәсіпорындарының саны 5,3 процентке артты.
Дағдарысқа қарсы шаралар экономикадағы көлеңкелі құбылыстарды 
артта қалдыруға ғана жол ашқан жоқ, оңтайлы іскерлік климатты да қалып-
тастырды. Бизнес-орта ашық және мобильді бола түсті, кедергілер азайды, 
жаңа мүмкіндіктер ашылды.
2010 жылы біздің мемлекетіміз кәсіпкерлік іс-қимылға оңтайлы жағдай 
тудыру көрсеткіші бойынша үлкен табысқа жеткен он елдің тізімін бастап 
тұрды. Сол жылдың қорытындысында Бүкіләлемдік банктің «Doing Bussiness 
2011» рейтингінде Қазақстан 183 елдің ішінде 59-орын алды.


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
249


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет