НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Жұмыспен қамту мен тұрақтылықтың «Жол картасы»



Pdf көрінісі
бет138/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Жұмыспен қамту мен тұрақтылықтың «Жол картасы»
Көптеген компаниялар 2007–2009 жылдары қызметкерлерін қысқарту – 
шығыннан құтылудың жолы деп есептеп, қатаң үнем режиміне көшті. Кон-
сервация желеуімен зауыт, кен орны, шахталар сияқты өндіріс орындарын 
жабу өңірлерді индустриасыздандыруға әкелуі мүмкін еді. Мұндай жағдай 
алдағы уақытта өндірістері қала түзуші мәнге ие моноқалаларды толықтай 
құлдырауға душар ететіні байқалатын. Мен жағдайдың осындай көлеңкелі 
сипат алуы мүмкін екеніне қатты алаңдадым.
Әлеуметтік жағдай ушығып кетпеу үшін үкімет пен өңір басшыларына 
қажет жерге «қолмен басқару» тәсілін енгізіп, жаппай жұмыстан шығару-
дың алдын алуға тікелей нұсқау бердім. 
2009 жылдың наурыз айындағы Жолдауда жұмыспен қамту стратегия-
сы елдің дағдарыстан кейінгі дамуын қамтамасыз ететін басты шарттардың 
қатарына енгізілді. Жұмыс орындарының жеткіліктілігі үкімет мүшелерінің 
және әрбір әкімнің экономика орнықтылығын қамтамасыз етуге қабілет-
тілігін анықтайтын негізгі көрсеткіш болуға тиіс екені атап көрсетілді. 
Сол кезде, 2009 жылдың наурызында, үкімет Өңірлік жұмыспен қамту 
стратегиясын және іс-қимыл жоспарын – 2009–2010 жылдарға арналған 
«Жол картасын» жеделдетіп қабылдады. Ұлттық қордан 350 миллиард тең-
геге жуық қаржы бөлінді. 
«Жол картасы» жұмыс орындарын құруға ғана емес, көптеген әлеумет-
тік мәселелерді шешуге де мүмкіндік берді. Қаржы инфрақұрылымдарды 
жаңғыртуға, мектептер мен ауруханаларды жөндеуге, абаттандыру мен кө-
галдандыруға жұмсалды. Жергілікті билік жұмыс іздеген азаматтарды осы 
жобаға қатысуға шақырды.
Сондай-ақ іс-қимыл жоспары жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу 
мен салуға қатысты қоғамдық жұмысты да қарастырды. 1929–1933 жылдар-
дағы АҚШ-тағы ұлы күйзеліс кезінде Ф.Рузвельт жүргізген «жаңа курстың» 
баламасы іспетті осы тәжірибе Қазақстанда 2008 жылы басталды. Кешенді 
шараларды іске асырудың арқасында 350 мыңнан астам қазақстандық жұ-
мыспен қамтылып, жаппай жұмыссыздыққа жол берілген жоқ. Сонымен 


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
251
бір мезгілде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесі жұмысының 
тиімділігі артты, әлеуметтік нысандардың жағдайы жақсарды, ал көлік ин-
фрақұрылымы қосымша дамуға мүмкіндік алды.
«Жол картасын» іске асыруды жеке өзім қадағалап отырдым. Бұл дағда-
рыс кезеңіндегі әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға да белгілі бір дәрежеде 
жол ашты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет