244
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
2008 жыл бойына көптеген мемлекеттердің ұлттық валютасы құнсыз-
данды, бұл Қазақстан тауарларының бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне
әсер етті.
Әлемдік дағдарыс мен бұрын да қайта-қайта ескерткен мәселені – ұлт-
тық экономиканы тез арада әртараптандыру қажет екенін айқындады.
Ауырлығы мен жаһандық экономикаға салдары жөнінен 2007–2009
жылдардағы жалпыға ортақ дағдарыс 1997–1999 жылдардағы Азия дағда-
рысынан да, бұрынғы басқа дағдарыстардан да асып түсті. Қазақстан
«нөлінші» жылдары әлемдік экономикаға мейлінше кірігіп үлгерген бола-
тын, сондықтан да жаһандық процестерге көбірек тәуелді еді. Сонымен
қатар, мемлекеттің халық алдындағы едәуір өсе түскен әлеуметтік міндет-
темелері де болды.
Алайда түпкілікті айырмашылық та бар еді – 1990-шы жылдардың
соңындағы қаржы дағдарысының әсер-ықпалымен аяғынан енді тік тұра
бастаған жас мемлекет күрессе, бұл жолы экономикалық бұлшық еті білеу-
ленген Қазақстан оқиғаның осылай өрбуіне дайын отырған еді.
2009 жылдың наурыз айындағы Жолдауымда мен Ұлттық қорды құру
арқылы қажетті беріктік қорын қамдап үлгергенімізді атап көрсеткен бо-
латынмын. Бұған қоса, біз әртараптандыруды бастап кеттік. Сондықтан да
дағдарысқа қарсы тиімді саясат жүргізу біздің қолымыздан келді.
Достарыңызбен бөлісу: