246
ТӘУЕЛСІЗДІК
ДӘУІРІ
міндеттемелерін ұстануын қадағалай бастады, ең бастысы – Қазақстан мүд-
десіне нұқсан келтіруіне жол бермеуді мақсат етті.
Дағдарысқа дейінгі кезеңде көп жобаларды жүзеге асыру отандық өн-
дірушілердің қолынан келетіні анықталды, оның үстіне, қаржы секторында
ол үшін қажетті қор жеткілікті еді.
2000-шы жылдардың соңындағы қаржы-экономикалық дағдарыс
жағдайында шетелдік және отандық инвестициялардың ара салмағы тура-
лы мәселеге түзету енгізілді. Мен шетелдік инвесторлардың, әсіресе жер
қойнауын пайдаланушылардың жобаларында
қазақстандық мазмұнды
жан-жақты арттыра түсуге нұсқау бердім.
Бастапқыда бұл нұсқауды серіктестеріміздің бәрі бірдей дұрыс қабыл-
дай қойған жоқ,
бірақ біз табанды, нық және сенімді әрекет еттік. 2008
жылдың желтоқсанында Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында
мен Үкімет үшін қазақстандық мазмұнның дамуы нөмірі бірінші мәселе
болуы керек деп мәлімдедім. Нақты секторды дамыту жөніндегі жұмыс
деген осы.
Бұдан кейін айқын мемлекеттік бағыт – қазақстандық сипатты арттыра
түсу – трансұлттық компаниялармен қарым-қатынаста
негізгі және мыз-
ғымас ұстанымға айналды. Екінші жағынан,
отандық тауар өндірушілер
де ұлттық компаниялармен көп келісімшарттарға қол қоятын болды. 2010
жылдың қазан айында Үкімет Қазақстандық мазмұнды дамытудың 2014
жылға дейінгі тұжырымдамасын қабылдады. Жыл өткен сайын кәсіпорын-
дар қызметіндегі қазақстандық мазмұнның үлесі үздіксіз өсіп келеді.
Ұлттық қор қаражатын орнымен пайдалану да зор мүмкіндіктер ашты.
2010 жылдың қаңтарындағы Жолдауда айтылғандай,
Қордың арқасында
біз дағдарысқа қарсы шараларды атқарып қана қойған жоқпыз, сонымен
қатар баяғы қиналған кезімізде сатуға мәжбүр болған мемлекеттік маңыз-
ды активтерімізді қайтарып алдық. Олар – Екібастұз ГРЭС-1, «Богатырь»
разрезі, Қашағандағы біздің үлес, «Маңғыстаумұнайгаз» және барлық үш
МӨЗ (мұнай өңдеу зауыттары).
Достарыңызбен бөлісу: