НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы



Pdf көрінісі
бет146/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы
Саяси тұрақтылық пен экономикалық өсім халықтың әл-ауқатының жақ-
саруына жол ашты. 
Тұрғындар өміріндегі оң өзгерістер тұтыну құрылымына тікелей әсер 
етті. Азық-түліктен басқа тауарларға шығын бөлігі 1999 жылғы 20 процент-
тен 2007 жылы 30 процентке дейін өсті, ал азық-түлік тауарларына, керісін-
ше, 50-ден 40 процентке дейін төмендеді. 1990 жылдардағыдай, тек күн-
делікті нан тауып жеуге мұқтаждық бірте-бірте азая берді.


264
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Жүз мыңдаған қазақстандық азамат өздерінің тұрғын жайын жақсар-
тып, тұрмысын түзеуге, киім-кешегін жаңалауға, автомобиль сатып алуға 
мүмкіндік алды, жиған-тергенін банкте жинап, шетелдерде демала баста-
ды. Жеке адамдардың жалпы сомасы 1 миллиард долларға тең депозиті 
әл-ауқаттың артқанын күмәнсіз айшықтады. Елдегі орта таптың өсіп, қанат 
жайып келе жатқаны айқын еді.
Жерорта теңізінің жағалауы, түрік шипажайлары, Біріккен Араб Әмір-
ліктері, Оңтүстік-Шығыс Азияның аралдары еліміздің ондаған мың азаматы 
барып демалатын танымал демалыс орнына айналды. Еуропа қалалары 
бойынша мәдени туризм де кеңейе түсті. 
Қазақстан деген ел атауы шетелдердің барлығында оң пікір тудыра 
бастады. Шетке шығып, ел жайлы жоғары баға естіген қазақстандықтар өз 
Отаны үшін мақтаныш сезіміне бөленді.
Елде адамдар өз демалысын рақаттана өткізетін көптеген ойын-сауық 
орталықтары, жаттығу залдары, демалыс бақтары, кафе, мейрамханалар, 
кинотеатрлар ашылды. Ішкі туризм дамыды. Бурабай, Балқаш, Қапшағай, 
Алтай, Баянауыл, Каспий теңізінің жағалауы сияқты демалыс орындары 
ерекше танымалдыққа ие болды. 2000–2007 жылдар аралығында шипа-
жайлар, қонақүйлер, мотельдер саны үш есе өсті. 
Әлемнің әр еліндегі қоғамдық пікірді зерттей отырып, «Еуробарометр» 
ұйымы 2006 жылы Қазақстандағы өмірге ризашылық көрсеткіші – ТМД-
дағы ең жоғары және Еуроодақ көрсеткіштеріне жақын екенін атап өтті. 
Ғасыр басында қазақстандықтардың әлеуметтік-психологиялық 
жағдайы, өздерін бақытты сезінуі бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жақса-
ра түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет