262
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Ақпарат саласының дамуы БАҚ-тың, әсіресе жеке ақпарат құралдары-
ның саны жылдам өсуімен де ерекшеленді. Бұл демократияландыру мен
либералдандыруға жалпы бет бұрғанымызды анық байқатты. 2001 жылы
Қазақстанда 1,4
мың БАҚ тіркелсе, 2007 жылы олардың саны 7 мыңнан
(79 проценті – мемлекеттік емес, 21 проценті – мемлекеттік) асты. Қоғам-
дық-саяси және экономикалық үдерістердің факторы ретінде БАҚ рөлінің
артуы медиатоптардың пайда болуына жол ашты.
2001 жылы мерзімдік басылымдар қосымша құн салығынан босатылды,
ал телерадиокомпаниялардың өз өніміне
салық нөлдік мөлшерлемемен
салынды. Десек те шетелдік өнімді ретрансляциялауға шек қойылды. Мұ-
ның бәрі отандық телевидениенің дамуына серпін берді,
ақпарат нарығы-
на оң әсер етті.
2003 жылдың ақпанында журналистердің ІІ конгресінде БАҚ туралы
жаңа заңның жобасы таныстырылды, алайда жоба медиақоғамдастық та-
рапынан сынға ұшырады. Өйткені жоба бойынша Ақпарат министрлігінің
ықпалы және БАҚ-тың меншік иелеріне тәуелділігі арта түсетін еді.
Мәжілісте де БАҚ туралы заң жобасы түрлі пікірге арқау болды. Келісім
комиссиясы құрылды. Содан кейін «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы»
заң жобасын Парламент мақұлдап, маған қол қоюға жіберді. Мен оны Кон-
ституциялық кеңеске жолдау туралы шешім қабылдадым. Конституция лық
кеңес 2004 жылдың сәуір айында құжатты конституциялық нормаларға сай
емес деп таныды. Бұдан кейін мен заң жобасына вето қойдым. Осы қа-
дам билік пен БАҚ арасындағы оң диалогты жаңа деңгейге көтеруге серпін
берді.
Мен қашанда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі арта түсуін, БАҚ-
тың редакциялық саясатының тәуелсіз болуын кепілдендіруді жақтадым.
Бұл принциптер 2007 жылғы Конституциялық
реформаның бір міндеті
ретінде көрсетілді. Сөйте тұра, мен баспасөздің қоғам алдында өз жауап-
кершілігін сезініп, тек құқықтық негізде әрекет етуге тиіс екеніне сенімдімін.
Осы принциптердің өмірге кірігуі БАҚ туралы қолданыстағы заңға өз-
герістер енгізуге жол ашты. Алауыздық тудырушы БАҚ қызметі шектелді,
«Хабар» агенттігін мемлекеттік бақылау қалпына келтірілді.
Безендірілуі жағынан да, мазмұны жөнінен де ерекше, қызықты, бағы-
ты әртүрлі басылымдар пайда болды. «Егемен Қазақстан», «Казахстанская
правда», «Караван», «Время», «Жас Алаш», «Ана тілі» газеттері бұрынғы-
сынша танымал қалпынан төмендеген жоқ.
Телекөрермендер арасында
«реалити-шоулар» кеңінен танымал бола бастады.
Интернет саласы ерекше дүмпуді бастан кешірді. Жеке интернет-БАҚ
пайда бола бастады. Бүкіләлемдік желінің Қазақстандағы қолданушылары-
ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
263
ның саны 2 миллион адамнан асты. Қазақстандықтар интернеттен жаңа-
лықтар мен кітап оқып, музыка тыңдап, фильмдер көре бастады. Қазақстан-
дық беделді блогерлер бой көрсетті.
Дегенмен бүкіләлемдік желі жағымсыз нәрселерді де аз әкелген жоқ.
Көптеген ресурстар тексерілмеген, жалған, алауыздық тудырушы ақпарат-
тарды жариялады. Өз есімін жасырған аноним қолданушылардың коммен-
тарийлерінде түрлі жанжалдың отына май құятын, әдептілік пен төзімділік
талаптарынан алыс арандатушы пікірталастар аз болған жоқ.
Интернет-ресурстардың құқықтық алаңнан
тыс қала бермейтіні анық
еді. 2009 жылдың шілде айында олар БАҚ-пен теңестірілді және соған тән
жауапкершілікке ие болды.
Тәуелсіз Қазақстанның ақпараттық ұстанымдарын нығайта түсу
жолын-
да 2002 жылдан бері Алматыда Д. Назарбаеваның басшылығымен жыл
сайын өтіп келе жатқан Еуразиялық медиафорум да ерекше маңызды бол-
ды. 2012 жылы өткен мерейлі Х Еуразиялық медиафорумнан бастап Аста-
на оның алаңына айналды. Үздік сарапшылар мен журналистерге дәстүр-
лі түрде сөз ұсынатын Еуразиялық медиафорум Қазақстанның жаһандық
кеңістіктегі медиатұғырын нығайтудың маңызды факторы бола білді.
Осы кезеңдегі қазақстандық БАҚ-тың даму нәтижесін мейлінше оң баға-
лауға болады. Бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттік саясатты тарату
мен қоғамдық пікір қалыптастырудың маңызды арнасына айналды. Журна-
листердің қоғамдық бірлестіктері мен ел Президенті жанындағы бұқаралық
ақпарат құралдары жөніндегі қоғамдық кеңес билік пен БАҚ арасындағы
диалогта көшбасшылық орынға шықты.
Жалпы алғанда, ХХІ ғасырдың басы ақпарат саласы үшін оңтайлы уақыт
болды. Бұл кезеңнің басты қорытындысы – әлемдік және аймақтық ақпарат
кеңістігімен өзара ықпалдас ұлттық кеңістігімізді қалыптастыра алғанымыз.
Достарыңызбен бөлісу: