342
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
1.
ЖАҢА
ЖАҺАНДЫҚ
АХУАЛ
ЖАҢА
БАҒДАР
. «
ҚАЗАҚСТАН
-2050»
СТРАТЕГИЯСЫ
«Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің стратегиясы
Ә
ртүрлі тарихи кезеңнің өзіне тән стратегиясы болады. Дегенмен,
2012 жылғы 14 желтоқсандағы халыққа Жолдауымдағы «Қазақстан-2050»
cтратегиясы ХХІ ғасырдың екінші онжылдығының
бас кезіне ғана қатысты
емес, ол ұлттық тарихымыздағы жаңа дәуірдің қақпасын ашты.
Жолдаудың қағидатты негізі болған күмәнсіз фактісі: Қазақстан – қалып-
тасқан мемлекет. Тек қалыптасқан мемлекет қана алдағы көптеген онжыл-
дықтарға бағытталған және тіпті тұтас ғасырды қамтитын стратегияны жүзе-
ге асыруға қабілетті бола алады. «Мықты мемлекет – күнкөріс саясатымен
емес, жоспарлау саясатымен, ұзақ мерзімді дамумен және экономикалық
өсумен айналысады» – cтратегияда айтылған бұл сөздер оның алғышар-
тын дәл айғақтайды.
Мен 2010-шы жылдардың басында дағдарысқа қарсы іс-қимылға ең
бірінші
кезекте көңіл аудара отырып, стратегиялық перспективаны да
ешқашан назардан тыс қалдырған жоқпын. Жаңа стратегияны қабылдау-
дың уақыты жақындап қалғанын жақсы сезіндім. Өйткені, 2030 стратегия-
сының негізгі мақсаттары мерзімінен бұрын жедел түрде жүзеге асырыл-
ды.
Қазақстан озық шығып, әлемдегі экономикасы ең дамыған елу елдің
қатарына енді. Тәуелсіздіктің екінші онжылдығы аяқталып, оның үшінші он-
жылдығының жаңа тарихы басталды. Жеңіспен жігерленген қоғамға жаңа
биіктіктерді бағындыру үшін айқын бағыт қажет болды.
ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығында әлем жаңа, бұрынғыға мүлде ұқ-
самайтын, тұрақсыздық дәуіріне қадам басты және түбегейлі өзгерістерге
ұшырай бастады. Саяси қақтығыстар, төңкерістер, соғыстар және террорис-
тік актілер планетаны аяусыз азаптады. Қалыпты дүние құрылымы көз ал-
дымызда күйреп түсті, жаңа жаһандық ахуал салтанат құрды. Осынау мың
құбыла жүйткіген бүкіл әлемдік ортада жеңіске жеткізетін – тек қана же-
делдете оза даму стратегиясы және жаңа ұлттық уақыт өлшеміне ұмтылыс
болары анық.
Менің тапсырмам бойынша, дамып келе жатқан жаһандық үрдістерге
талдау жасайтын жұмыс тобы құрылды. Оның алдында,
болжамдар но-
ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
343
байы негізінде, еліміздің дамуының ұзақ мерзімді әмбебап стратегиясын
жасап шығу міндеті тұрды. Бұл жерде ақырғы шешімді өзім қабылдадым.
«Қазақстан-2050» стратегиясының бұрынғы бағдарламалардан түбе-
гейлі айырмашылығы уақытының аса ұзақтығында еді – меже 2050 жыл бо-
лып белгіленді. Бұл меже кездейсоқ таңдалған жоқ: БҰҰ-да Қазақстанның
тікелей қатысуымен өркениетті дамытудың 2050 жылға дейінгі жаһандық
болжамы дайындалған болатын. Еліміз –
ұзақ мерзімді, ғасырымыздың
ортасына дейін белгіленген ұлттық стратегиямен
жарақтанған бірінші ел
болды.
Жаңа бағыт туралы Тәуелсіздік күні қарсаңында – 2012 жылдың 14 жел-
тоқсанында жариялануы да кездейсоқтық емес. Өйткені ерекше тарихи
маңызды Жолдау – еліміздің ең басты мемлекеттік мейрамы қарсаңында
әр қазақстандықтың жүрегіне жетуі қажет еді.
Мені бұл стратегиядан әр адам өзінің және
балалары мен немерелері-
нің болашағының жобасын көрсе деген тілек құлшындырды. Сондықтан да
мен еліміз үшін стратегиялық мәні бар бұл құжатта көкжиектен қол бұлғаған
қазақстандық арман-аңсарға апарар жолды көрсетуге тырыстым.
Достарыңызбен бөлісу: