346
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Ұлттық экономикамызды аймақтық және жаһандық экономикалық
жүйе ге әрі қарай кіріктірудің табысы ЕАЭО-ның құрылуы мен елдің ДСҰ-ға
кіруіне тікелей байланысты екенін мен айрықша атап өттім.
Тұжырымдамада барлық алға қойылған міндеттерді кезең-кезеңімен
жүзеге асыру жоспарланды. Бірінші кезеңде (2030 жылға дейін) халықара-
лық еңбек бөлінісі беретін мүмкіндіктерді пайдалана отырып, жаңғыртуды
батыл жүргізу қажет. Қазақстан он бес-он жеті жылдан соң дамыған ел-
дердің бүкіл ХХ ғасыр бойы қол жеткізген нәтижелерін қайталауға қабілет-
ті. Бұл кезеңде біз дәстүрлі салаларымыздың серпінді өсуін қамтамасыз
етеміз және өңдеудің қуатты индустриалы секторын жасаймыз. Екінші ке-
зең (2030–2050 жылдары) елдің ғылымға негізделген экономика қағидаты
бойынша тұрақты дамуын көздейді.
2014 жылғы Жолдау – Қазақстан белгіленген мерзімде әлемдегі озық
отыз елдің қатарына енуі үшін қандай жолмен жүруі керек дейтін сауалға
толық жауап береді.
Достарыңызбен бөлісу: