Орталық Азиядағы бауырлас
мемлекеттермен қарым-қатынастар
Осы кезеңде Қазақстанның Орталық Азиядағы бауырлас елдермен қа-
рым-қатынасы нығая түсті. Мен әріптестеріммен – Өзбекстан, Қырғызстан,
Түрікменстан, Тәжікстан басшыларымен тұрақты кездесіп тұрдым.
Менің 2006 жылдың наурызындағы Ташкентке сапарым Қазақстан Рес-
публикасы мен Өзбекстан Республикасы қарым-қатынасының маңызды
оқиғасы болды. Сапар барысында Мемлекетаралық үйлестіру кеңесін құру
туралы жария етілді. 2006 жыл қазақ-өзбек қатынасы үшін шынында да өте
серпілісті жыл болды. Аз уақыт ішінде біздің халықтарымыз нақты мәсе-
лелер бойынша істелген жұмыстардың нәтижесін көрді. Темір жол желісі
қайта жаңғырды, авиарейстер жиілігі артты.
Өзбекстан президенті И.А. Каримовтың 2006 жылдың қыркүйегінде-
гі Астанаға сапары Қазақстан – Өзбекстан өзара әрекеттестігінің жалғасы
болды. Келіссөздерді аша отырып, мен экономикаларымыздың өсімі та-
уар айналымын екі есе арттыруға мүмкіндік беретінін атап өттім. Өзбекстан
президенті ұсынысымды қолдап, «кез келген мәселені оң шешуге әзір»
екенін білдірді. Достықты, әріптестікті және ынтымақтастықты одан әрі да-
мыту жөніндегі бірлескен мәлімдемеге қол қойдық, Экономикалық және
мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бағдарламасын қабылдадық.
326
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Өзбек көшбасшысымен екеуміз Отан қорғаушылар монументіне гүл
қойдық. 2006–2007 жылдар қазақ-өзбек қарым-қатынасының қарқынын
арттыру кезеңі болғаны сөзсіз.
2008 жылдың сәуірінде Өзбекстан президенті Қазақстанға тағы бір
сапарлады. Біз шекаралық еркін сауда аймағын құру жұмысын бастауға
келістік және өңірдің су-энергетикалық ресурстарын бірлесе қолдануға қы-
зығушылығымызды нықтадық.
2010 жылдың наурыз айында менің жұмыс кестемде Өзбекстанға сапар
тағы тұрды. Ташкент ЕҚЫҰ саммитін Астанада өткізуді қолдады. Тараптар
Орталық Азияда гидротехникалық құрылыстар жүргізу үшін халықаралық
сараптама қажет екеніне келісті.
Қырғыз Республикасымен қарым-қатынас өңірдегі басымдығымыздың
қатарына жатары сөзсіз. Біздің әріптестігіміз 2003 жылдың желтоқсан ай-
ында Астанада қол қойылған Одақтастық қарым-қатынас жөніндегі шарт-
тың негізінде дамып келеді.
Біз 2005 жылдың наурыз айында Қырғызстанда болған оқиғаларға қат-
ты алаңдадық. Көрші елдегі жағдайды тұрақтандыруға көмектесу үшін көп
күш-жігерімді жұмсадым. 2005 жылдың 31 наурызында мен бауырлас Қыр-
ғызстан халқын шынайы ұлттық мүдделер үшін сабыр сақтауға шақырдым
және Қазақстан дос көңілді Қырғызстандағы тұрақтылықты сақтауға өте
мүдделі екенін атап айттым. Қазақстан орнын босатқан Қырғызстан прези-
денті Асқар Ақаевқа уақытша баспана ұсынды және түрлі арналар арқылы
осы елдегі жағдайды тұрақтандыру процесіне белсене қатысты.
2005 жылы тамызда мен Қырғызстанның жаңа президенті Құрман-
бек Бакиевтің инаугурациясына қатыстым. Салтанатты шарадан кейін біз
Ыстықкөлге барып, жағдайдың тұрақты екенін, азаматтарымызға аса таны-
мал демалыс орнына еш қауіпсіз келе беруге болатынын көрсеттік.
2007 жылы Одақтастық жөніндегі шартты ратификациялағаннан кейін
біздің елдер арасындағы сауда-экономикалық байланыстар кеңейе түсті.
Алайда 2010 жылдың сәуірінде Қырғызстандағы жағдай тағы да ушықты.
Азаматтық соғыс қаупі бой көтерді. Бұл жағдайда біздің жедел ықпал етуміз
ғана көршілес республикадағы қарсыластық градусын төмендетуге мүмкін-
дік берді деп есептеймін.
Менің бұйрығыммен Қ.С. Бакиев Қырғызстаннан Қазақстанның әскери
ұшағымен эвакуацияланды. Бұдан әрі де мен көршілес республикадағы
азаматтық татулыққа қолымнан келгенше көмек бердім. Қырғызстанға қо-
мақты гуманитарлық көмек көрсетілді. Біздің республикамыздың шешімді
қимылы оның Орталық Азия өңіріндегі көшбасшылық позициясын нықтай
түсті.
ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
327
Халықаралық қоғамдастық Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы
жылында Қырғызстандағы қақтығысты реттеудегі рөлін жоғары бағалады.
Біздің бітімгерлік күш-жігерімізге БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун жоғары баға
берді.
Қазақстан мен Түрікменстанның қарым-қатынастары да серпінді дами
берді. Бұған біздің 2007 жылы сапар алмасуымыз да куә. Ақпан айында мен
Түрікменстанның жаңа президенті Г.М. Бердімұхамедовтің инаугурациясы-
на, мамыр айында Қазақстан-Ресей-Түрікменстан үшжақты саммитіне қа-
тыстым. Сол жылы мамыр айында Түрікменстан президентінің Астанаға
сапары өтті, қыркүйекте мен Ашхабадқа сапармен бардым. Г.М. Бердімұ-
хамедов екеуміз «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізі газ-көлік жобасын талқыладық.
Соның нәтижесінде 2007 жылдың желтоқсан айында Қазақстан, Түрікмен-
стан және Иран үкіметтері арасында Өзен (Қазақстан) – Қызылқая – Етрек
(Түрікменстан) – Горган (Иран) темір жол желісін салу туралы келісімге қол
қойылды.
Түрікменстан президенті Г.М. Бердімұхамедов Қазақстанға бірнеше рет
келді: 2008 жылдың 6 шілдесінде Астананың 10 жылдығын мерекелеуге,
2009 жылдың сәуірінде Алматыда Аралды құтқару халықаралық қорының
саммитіне, 2009 жылдың қыркүйегінде Ақтауда Қазақстан, Ресей, Әзербай-
жан және Түрікменстан басшыларының саммитіне және 2010 жылдың 1–2
желтоқсанында Астанадағы ЕҚЫҰ саммитіне қатысты. Түрікмен президенті
Қазақстанның жемісті тәжірибесіне ерекше назар аударды.
2009 жылдың желтоқсанында Түрікменстанға тағы да сапарладым.
Түрікмен әріптесіммен кездескенде, мен Түрікменстанмен стратегиялық
әріптестікті дамытуға ыстық ықыласымызды білдірдім. Мемлекеттерімізді
жалғайтын автомобиль және темір жолдарын салу тақырыбында келіссөз-
дер жүргіздік.
Осы сапарымның негізгі оқиғасы Түрікменстан – Өзбекстан – Қазақстан
– Қытай газ құбырының іске қосылуы болды. Аз уақыт ішінде трансазиялық
газ құбырын салу арқылы Орталық Азия елдерінің жемісті ынтымақтас-
тығын көрсете білдік.
Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасының қарым-қаты-
насы да достық және әріптестік рухында дамып отырды. Менің Душанбе-
ге алғашқы сапарым 2000 жылдың маусым айында өтті және Қазақстан
– Тәжікстан қарым-қатынасындағы бетбұрысты оқиға болды.
2006 жылдың мамыр айында Тәжікстан президенті Э.Рахмон Қазақстанға
келді. Одақтастық қарым-қатынас пен экономика, мәдениет салаларын-
дағы өзара әрекеттестікті кеңейте түсуге менің 2007 жылдың қыркүйегінде
Тәжікстанға жасаған тағы бір сапарым жол ашты. 2007 жылдың қазан ай-
328
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
ында Душанбеде өткен ТМД-ҰҚШҰ-ЕурАзЕО саммиті де Еуразия өңірі үшін
үлкен маңызға ие болды.
2008 жылдың мамыр айында Тәжікстан президенті Э. Рахмон Аста-
наға келді. Біз Тәжікстанның электр энергиясы, ауыл шаруашылығы және
тау-кен салаларындағы жобаларына арналған Қазақстан-Тәжікстан инвес-
тициялық қорын құру туралы шешімге келдік. Сондай-ақ Мемлекетаралық
үйлестіру кеңесін құруға келістік. Қазақстан Тәжікстан басынан кешірген
экономикалық қиындықтарға үнемі түсіністікпен қарады, дегенмен ірі су
электр стансаларының жобасы мәселесінде Орталық Азияның барлық ел-
дерінің өзара түсіністігі қажет деп есептеді.
2009 жылдың сәуірінде Душанбеде Орталық Азия елдерінің, Иран,
Ауғанстан қазақтарының кіші құрылтайы Душанбеде өтуі де ерекше оқиға
болды.
Тәжікстан президенті Астанада өткен халықаралық саммиттерге – ЕҚЫҰ
саммитіне (2010 жылдың 1–2 желтоқсаны), ШЫҰ саммитіне (2011 жылдың
маусымы), ҰҚШҰ саммитіне (2011 жылдың тамызы) белсене қатысты.
Өңірлік көшбасшы ретінде Қазақстан түрлі қиындықтарға қарамастан,
2000-шы жылдары Орталық Азия өңірінің барлық мемлекеттерімен өзара
тиімді, жемісті ынтымақтастықты жалғастыра білді.
Мен бауырлас елдерге екіжақты және өңірлік өзара әрекеттестіктің жо-
лын әр елдің ерекшелігін ескере отырып, сындарлы, өзара тиімді жолын
табандылықпен және жүйелілікпен ұсынып отырдым. Мен Орталық Азия
өңіріндегі мемлекеттердің перспективті қажеттіліктері бір-бірімен қатты
өріле байланысып тұрғанына сенімдімін. Өңір елдерінің проблемаларын
шешу үшін, олардың бай да қуатты болашағы үшін ізгі ниет пен оң ынты-
мақтастық керек. Бұл орталықазиялық күн тәртібі бір немесе екі жылға ғана
есептелмеген. Бұл – жүздеген жылдың күн тәртібі.
Достарыңызбен бөлісу: |