НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет185/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

2. 
РЕФОРМАЛАРДЫ
 
ЖҮЗЕГЕ
 
АСЫРУҒА
 
ЖҰМЫЛУ
ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ
 
РЕФОРМАЛАР
 
Бес институционалдық реформа
Ж
аһандық тұрақсыздық 2010 жылдың ортасына қарай күшейе түсті 
және ел қауіпсіздігіне төнген қатерге айналды. Сыртқы әсерлерден 
қорғайтын өмірлік сенімді құралдың қажеттілігі туындады. Мен мемле-
кетіміздің алдында тұрған өзекті мәселелердің және мемлекеттік басқару 
жүйесін жаңғырту моделінің оңтайлы тетігін табу үшін ұзақ ойландым. Пре-
зидент сайлауының қарсаңында, 2015 жылы 11 наурызда «Нұр Отан» пар-
тиясының ХVІ құрылтайында сөз сөйлеп, бес институционалдық реформа 
бағдарламасын жария еттім. 
Алғашқы реформа кәсіби және автономды мемлекеттік аппарат құруға 
қатысты еді. Сайлаулар, министрлердің, әкімдердің және басқа жетек-
шілердің ауысуы мемлекеттік әкімшілік қызметке ықпал етуі керек. Осын-
дайда әрбір жетекші төменнен бастауы керек және, менің өзім бастан 
кешкендей, барлық басқару баспалдақтарынан өтуге міндетті. Мерито-
кратия, яғни неғұрлым лайықтылар билігі мемлекеттік сектор үшін, оның 
ішінде соттарды, құқық қорғау органдарын, ұлттық компаниялар мен хол-
дингтерді қоса алғанда, жалпыға ортақ қағидат болуға тиіс екеніне кәміл 
сенемін.
Екінші реформа меншік құқығы мен кәсіпкерлік бостандығына кепіл 
беретін заңның үстемдігі мен сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету-
ге бағытталды. Соттар жабық корпорация болмауы қажет және қоғамдық 
сыннан тыс қалмауы тиіс. Ашықтық – бұл судьялар қатарындағы жемқор-
лыққа қарсы дәрі. Мұндай ашықтық пен кадрларды қатаң іріктеу полиция 
мен барлық құқық қорғау органдарына қажет. Мен үшін тағы бір қағидатты 
мәселе – инвесторлар қазақстандық соттың әділдігіне сенімді болуы тиіс. 
Үшінші реформаның мақсаты индустриаландыру мен әртараптанды-
руға негізделген экономикалық өсім болды. Өнеркәсіп пен өңдеу секто-
рын экономикалық өсімнің негізгі драйверлеріне айналдыру қажет болды. 
Мен нақты міндеттер қойдым: ол – өсім динамикасын қамтамасыз ету және 
жаңа экспорттық өнімдерді жасау. 


352
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
«Болашағы біртұтас ұлт» деп аталатын төртінші реформаның мәнін бы-
лайша түсіндірдім. Біз тұрақтылық пен келісімнің өзіндік моделін дамытуда 
айтарлықтай табыстарға жеттік. Сонымен бірге, қазақстандық біртектілік-
ті одан әрі нығайтуымыз қажет. Ол азаматтық қағидатына негізделуі тиіс. 
Тұрақты және табысты мемлекеттің сенімді іргетасы бола алатын, халықты 
топтастыратын негізгі құндылықтар қатарына теңдік, еңбексүйгіштік және 
білімділік жатады деп жарияладым. Мектептердің міндеті – білім беру ғана 
емес, жас қазақстандықтарды жоғары азаматтық рухта тәрбиелеу екенін де 
баса айттым.
Бесінші реформа мемлекет құру мәселесін шешеді, ашықтық және 
қоғамға есеп беруге міндеттілік секілді күшті мемлекетке керек «шекте-
гіштерді» көздейді. 
Саяси тұрақтылық – тәуелсіздіктің алғашқы жылдарының басты жетістік-
терінің бірі. Мемлекеттік билікті жаңғырту, керісінше, жүзеге асуы тиіс праг-
матикалық міндеттер мен іс-әрекеттің жиынтығынан көрінді: мемлекет-
тік ұйымдардың есеп беру тәртібін өзгерту, сот шешімдеріне шағымдану 
тетігін нығайту, жаңа бюджет саясатының қағидаттарын бекіту, азаматтық 
қоғамның өзін өзі реттеп отыруын қамтамасыз ету және тағы басқа мәсе-
лелер тұрды. 
Бес институционалдық реформаның әрқайсысы – елді орасан зор жұ-
мысқа жұмылдырды, ал олар бәрін қоса алғанда, Қазақстан мемлекеттілігін 
нығайту мен әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену үшін жағдайлар жа-
сады. 
2010-шы жылдардың ортасында ауқымды реформалардың табысы-
на тек қана жігерлі саяси ерік-күші ғана кепіл бола алатын еді. Әлемдік 
тәжірибе көрсеткендей, мықты мемлекет пен либералды қоғамның қалып-
тасуы үшін елде 40–50 жыл бойы тұрақты даму болуы тиіс, ал Қазақстан 
тап осындай жолмен жүріп келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет