НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет183/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

«Нұрлы жол»: 2014 жылғы Жолдау 
2014 жылдың 11 қарашасында мен «Нұрлы жол – болашаққа бастар 
жол» атты халыққа Жолдауымды жасадым. Мұнда әлем экономикасының 
қазіргі елеулі қиындықтары үдей түскен геосаяси шиеленіс пен жетекші 
державалардың өзара санкциялық саясатынан туындағаны айтылды. Мен 
таяудағы жылдардың жаһандық сынақтардың уақыты болатынын білдім. 
Оны тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана жеңе 
алады. Қазақстан – әлемдік экономиканың бір бөлшегі және геосаяси шие-
леністің эпицентріне тым жақын орналасқан ел ретінде, осы үдерістердің 
әлемдік нарықтарда бағаның құлдырауы және экономикалық өсім қарқы-
нының бәсеңдеуі түріндегі теріс ықпалына тап келеді. Жаһандық ахуал ту-
дырған сын-қатерлер тиісті жауап талап етті және оны алды да: мен елдің 
инфрақұрылымдық дамуының ауқымды бесжылдық жоспарын – «Нұрлы 
жол» жаңа экономикалық саясатын жарияладым.


348
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Осы бір күрделі кезеңде мен Ұлттық қордың қаржылық резервін пай-
далану мүмкіндігін ескере отырып, экономикалық өсім үшін Үкіметке 
2014–2015 жылдары екі транш бойынша 500 миллиардтан ақша бөлуді 
тапсырдым. Бұл – қысқа мерзімді жүйеден тыс шаралар емес еді, көлік 
және энергетикалық, өнеркәсіптік және әлеуметтік инфрақұрылымдардың
шағын және орта бизнесті қолдаудың, жаңа жұмыс орнын құрудың алдын 
ала жоспарланған құрылымдық түрлендірулерінің бір бөлігі ғана болатын. 
«Нұрлы жол» бағдарламасында аса маңызды орын алатыны – көлік-ло-
гистикалық сала. Сенімді инфрақұрылымдық тірек – барлық өңірлерді 
Астанамен және өзара магистралды автомобиль, темір жол және әуе жол-
дарымен байланыстыруы тиіс болды. 
Автомобиль жолдары жобаларының бірінші кезектегі маңыздылары-
ның қатарында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізі, Астана 
– Қарағанды – Алматы, Астана – Өскемен, Астана – Ақтөбе – Атырау, Ал-
маты – Өскемен, Атырау – Астрахань күре жолдары болды. Энергетика-
лық инфрақұрылымда Екібастұз – Семей – Өскемен және Семей – Ақтоғай
– Талдықорған – Алматы электр тасымалдау жоғары вольтты желілерінің 
құрылысын жүргізу басымдықты иеленді. Барлық осы жобаларды жүзе-
ге асыру құрылыс материалдары мен өзге де өнімдерге деген сұранысты 
арттырды, жаңа экономикалық саясат бүкіл отандық индустрианың өсуіне 
тиімді ықпал етіп, оның қозғаушы күшіне айналды. 
Ауқымды жол құрылысы барысында 200 жұмыс орны ашылып қана 
қоймай, менің ойымша, инфрақұрылымдық бағдарламаның басты тармағы 
болуы тиіс, өйткені жол Қазақстан үшін – өмір желісі. Біздің кең-байтақ 
даламыздың қайнаған тіршілігі осы күре жолдардың бойында. Барлық ай-
мақтар темір жолмен, тасжолмен, әуе жолымен өзара тығыз байланысуы 
керек, біз осындай көлік желісін жасауға міндеттіміз. Астанада тоғысқан 
тоғыз жолдың торабы – елорданың жасампаздық рухын тарататын өмір-та-
мырға айналуы тиіс. Жаңа күре жолдар тек қана экономика мен қоғамды 
жаңартып қана қоймай, ең бастысы, осының бәрі – болашақ ұрпақтың 
байлығы ретінде біздің жерімізде қалады.
Қараша айындағы Жолдаудан екі апта өткен соң, 2014 жылдың 15 жел-
тоқсанында, Тәуелсіздік күніне орай өткізілген салтанатты жиында мен тағы 
да күнделікті ағымдағы міндеттер шешімі туралы ғана емес, болашақты ой-
лаудың маңыздылығын да еске салдым: «Қазақстан-2050» стратегиясы – 
миллиондардың жолы, бұл жолмен жүру – біздің буынның көптеген ұр-
пақтарының маңдайына жазылған. Біз белгілеген тарихи күнге дейін отыз 
алты жыл бар. 2050 жылы Тәуелсіздіктің құрдастары, 1991 жылы дүниеге 
келгендер – кейінгі жас қазақстандықтар үшін аға ұрпаққа айналады. 


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
349


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет