НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет200/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Мемлекеттік қызмет: жаңа модель 
2013 жылы әкімшілік реформаның нәтижесінде билік элитасын 
23 пайызға жаңартқан «А» корпусы құрылды. Мемлекеттік қызметтің 
жаңа моделі енгізілді. Саяси қызметтердің саны сегіз есе қысқарды. 
Корпусқа іріктеу процедурасының енгізілуі – түбегейлі жаңа «әлеуметтік 
лифт». Мемлекеттік қызметке, сондай-ақ сот корпусына қабылдау үшін 
кәсіптік талаптар күшейтілді, мемлекеттік қызметкерлердің барлық дең-
гейінде толық аттестаттау жүргізілді.
Ел дамуының жаңа, барынша күрделі кезеңінде жекелеген іс-шаралар 
емес, әділеттілік қағидаттарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа жол 
бермеу үшін жүйелі жұмыстар қажеттігі маған айқын сезілді. Бұл үшін кешік-
тірілмей Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік қайта құрылды, оның 
ішінде сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша жеке бөлімше ашылды
Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылданды.
2015 жылы 11 желтоқсанда «Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі ми-
нистрлік құру туралы» Жарлық шықты, ол алдыңғы қатардағы міндеттерді 
– жаңа мемлекеттік қызмет моделін іске асыруды және сыбайлас жемқор-
лық көріністерінің алдын алуды айқындады. 
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлік құрамында сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы қызмет – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде-
гі Ұлттық бюро құрылды. Сол арқылы сыбайлас жемқорлықпен күрес жаңа 
деңгейге көтерілді. Ұлттық компанияның бірқатар лауазымды шенеуніктері 
мен топ-менеджерлеріне қатысты істер сотқа дейін апарылды. 
2016 жылы мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылау жаңғыртылды
кадрларды іріктеу мен қызметі бойынша жоғарылатудың жаңа тетігі жасалды, 
бұрынғыдан бір айырмашылығы – мемлекеттік қызметке мол дайындықтан 
өткен, ұстанымы қалыптасқан және кәсіби үміткерлер ғана өте алатын бола-
ды. Мемлекеттік қызметке алғаш рет келгендер тек қана төменгі қызметтерге 
міндетті сынақ мерзімімен және тәлімгері тағайындалып алынатын болды. 
Одан кейін қызметтік баспалдақпен жоғарылату тек қана конкурстық негізде 
қарастырылатын болады. Бұдан бөлек, кадрларды тағайындаудың «Е-қыз-
мет» ақпараттық жүйесі түріндегі мониторингтің тиімді құралы енгізілді, ол 
«онлайн» режимінде ел көлеміндегі барлық кадрлық өзгерістерді қадағалап 
және кез келген мемлекеттік органда меритократия қағидатының бұзылға-
нын дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
Осы нақтылы шешімдер мен қадамдар – мемлекеттік қызметтің жаңа 
моделінің шынайы сипатқа ие болып және қажетті сапалық мазмұнмен то-
лыққанының куәсі. 


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
377
Мемлекеттік қызмет қоғамды біріктіруде аса маңызды мәнге ие. Бола-
шақта ол әділ қазақстандық социумның прототипіне айналуы тиіс, яғни 
меритократия қағидаттарының негізінде адамдардың барлығына өзін-өзі 
жетілдіруі үшін тең мүмкіндіктер беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет