НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет210/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Жаңа инвестициялық саясат 
2011 жылы-ақ Қазақстан ІЖӨ-нің инвестицияға арақатынасы бойынша 
алдына тек Үндістан мен Қытайды салып, әлемде үшінші орынға көтерілді. 
Бұл мемлекеттің инвестициялық саясатқа ерекше көңіл бөлетінін айғақтайды. 
«Қазақстан-2050» стратегиясында экономикалық саясаттың жаңа бағы-
тының басты принциптері – инвестицияның табыс әкелуі және өзін-өзі 
ақтауы деп атап көрсетілген болатын, сондай-ақ еліміздің экономика-
лық әлеуетін арттыру үшін қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру 
жөнінде мәселе қойылды.
Бұған қажетті барлық сыртқы және ішкі жағдайлар жасалды. Бүгінде 
баршаға белгілі, бейбітшілік пен келісім саясаты тікелей экономикалық 
әсер береді. Ішкі тұрақтылық инвесторлардың сенімін бекіте түсуге септі-
гін тигізеді. Қазақстан сондықтан да инвестиция тарту бойынша көшбас-
шы, өйткені елімізде бейбітшілік пен келісім орныққан. 2014–2015 жылдары 
бірқатар елдерде болған оқиғалар мен қақтығыстар менің айтқан сөзімнің 
ақиқатына ден қойғызады.
Ресми сапарларымның барысында жетекші мемлекеттердің басшыла-
рымен үнемі ынтымақтастық пен инвестиция туралы келіссөздер жүргізіп 


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
395
келемін. Тек соңғы жылдарда ғана тиісті келіссөздер Ұлыбританиямен, 
Франциямен, Германиямен, Түркиямен, Иранмен, Кореямен, Сингапур-
мен, Малай зиямен, Индонезиямен, Катармен және басқа да елдермен 
арамызда жүзеге асты.
2013 жылы Қазақстанға инвестиция тарту үшін қолайлы деп табылатын 
елдердің тізімі жасалды. 2014 жылы маусым айында инвестициялық заңна-
маларға өзгерістер енгізілді. Дамыған елдердің азаматтары үшін визасыз 
режим жүйесі іске қосылды. 
Алайда жаңа жаһандық ахуал жағдайында мұның өзі аздық ететін еді. 
2015 жылғы Жолдауымда мен жаңа инвестициялық саясаттың қажеттігі ту-
ралы баса айттым және Үкіметке инвестициялық климатты жақсартуға бай-
ланысты, әсіресе трансұлттық корпорацияларды тартуға қатысты жоспар 
жасауды тапсырдым. Бұл бағыттағы барлық реформалар ЭЫДҰ-мен және 
халықаралық қаржы институттарымен бірлесе жүргізілуге тиіс болды. Ин-
весторлармен жұмыс жүргізу үшін Инвестиция жөніндегі үкіметтік комис-
сия құрылды, ал өңірлерде жергілікті маңызы бар жобалар үшін баламалы 
кеңестер құрылды. 
Шетелдік инвестицияларды әртараптандырудың маңызы ерекше 
болды, әрі бірінші кезекте шикізаттық емес, экспортқа лайықталған және 
жоғары технологиялық өндірістердің өніміне деген қызығушылықты 
ояту қажет болды. Бұл үшін әлеуетті инвесторлармен жеке келіссөздер
қоян-қолтық жұмыстар жүргізу күн тәртібінде тұрды. 
2016 жылы мамыр айында Астана экономикалық форумында біз ал-
дыңғы қатардағы трансұлттық корпорациялармен іскерлік байланыстар 
орната алғанымызды жарияладым. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанға 
255 миллиард доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Бұл – біздің 
елімізге және жүргізілген реформаларымызға деген сенімнің көрінісі. 
Неғұрлым ірі инвесторлар қатарында Еуроодақ пен АҚШ бар. 
Енді әлеуетті инвесторлар өз елдерінде отырып-ақ қажетті ақпарат-
тарды алуына болады. Американың, Еуропаның және Азияның жетекші 
елдеріндегі Қазақстанның бірқатар елшіліктерінде өңір бойынша өкілет-
тіктері бар инвестиция жөніндегі кеңесшілер тағайындалды. Бұдан өзге 
Майндағы Франкфурт, Ыстанбұл, Бейжің, Вашингтон және басқа қалаларда 
«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестиция жөніндегі Ұлттық агенттіктің 
өкілдіктері ашылған.
2016 жылы шетел инвестицияларын тартуда ең жоғары көрсеткішке қол 
жеткіздік – 14 миллиард доллардан астам (бұрынғы көрсеткіш – 13 милли-
ард 2008 жылы, әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс басталғанға дей-
ін болған) инвестиция келді. Негізгі инвестициялар тау-кен өндіру және 


396
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
өңдеу кәсіпорындарына, геологиялық барлау жұмыстарына бағытталды. 
Бұл – жаһандық бизнес Қазақстанның тұрақты болашағына толық сенім 
білдірді деген сөз.
Әрине, қолайлы инвестициялық климатты қамтамасыз ету бағытындағы 
жұмыс жалғаса беретіні күмәнсіз еді. Ұлт жоспары бойынша, неғұрлым қо-
лайлы жағдайлар ЭЫДҰ стандарттарына лайықты инвестиция тарту үшін 
жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет