НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет241/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Сыртқы саясаттың басымдықтары: 
стратегия мен тұжырымдама 
Сыртқы саясаттың келешектегі бағыт-бағдары «Қазақстан-2050» страте-
гиясында айқындалған. Тәуелсіз Қазақстан – маңызды халықаралық орта-


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
445
лыққа айналды, сондықтан да ХХІ ғасырда одан әрі өзінің өңіраралық көш-
басшылық бағытын нығайта түсуі тиіс, Шығыс пен Батыстың арасындағы 
диалог пен өзара іс-қимылдың көпірі болуы қажет. Біздің басымдықтары-
мыз тұрақты болып табылады – көршілеріміз Ресей, Қытай, Орталық Азия ел-
дері, сондай-ақ АҚШ, Еуропа одағы, Азия елдерімен әріптестікті дамыта түсу. 
2012 жылғы Жолдауда сыртқы саясатты жаңғыртудың міндеттері айқын-
далды: ұлттық мүдделерді прагматикалық тұрғыдан ілгерілету, экономика-
лық дипломатияны жандандыру, сыртқы саясаттағы теңгерімшілік, қорға-
ныс қабілетін, ұлттық және өңірлік қауіпсіздікті нығайту, әділ де бейбіт өмір 
құруда, G-Global диалогын дамытуда күш-жігерді біріктіру, гуманитарлық 
саладағы халықаралық ынтымақтастық, шетелде Қазақстан халықтарын 
және олардың мүдделерін қорғау. 
«Қазақстан-2050» стратегиясына сүйене отырып, 2014–2020 жылдарға 
арналған Сыртқы саясат тұжырымдамасы жасалды. Мұнда Қазақстанның 
қалыптасқан мемлекет ретіндегі субъектілігінің өсуі, оның рөлі мен беделінің, 
өңірлік саяси және экономикалық салмағының артуы нақтыланған. Бұл ретте 
қазіргі заманның ахуалын ескере отырып, 2050 стратегиясына көшуге байла-
нысты сыртқы саясатты жаңғырту қажеттілігі күн тәртібіне қойылды. 
Тұжырымдама жаңа кезеңдегі Қазақстанның сыртқы саясатын праг-
матикалық және ұлттық мүдделерге төзімділікпен әрі сәйкестікпен бағыт-
талған саясат ретінде айқындады. Дәл осындай – белсенді әрі бастамашыл 
сыртқы саясат «Қазақстан-2050» стратегиясының табысқа жетуінің және 
дамыған отыз елдің қатарына кірудің маңызды шарты және қолайлы орта-
сы болып табылатыны сөзсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет