НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


АӨСШК – Азиядағы қауіпсіздік пен даму



Pdf көрінісі
бет243/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

АӨСШК – Азиядағы қауіпсіздік пен даму 
ұйымының ізашары
АӨСШК процесінің басталғанына 20 жыл толуына арналған мерейтой-
лық отырыс 2012 жылғы қыркүйекте Астана қаласында өтті. Министрлер 
кездесуіне қатысушылар алдында сөйлеген сөзімде АӨСШК-нің арқасында 
дамудың паназиялық мәдениеттермен, өркениетпен, даму модельдерімен 
диалог орнатуға мүмкіндік туғанын атап өттім. 
АӨСШК IV саммиті 2014 жылы 20–21 мамыр аралығында Шанхайда 
(ҚХР) өтті. Саммит жұмысына 47 мемлекет пен халықаралық ұйымдар және 
алғаш рет ББҰ Бас хатшысы қатысты. Кеңес төрағалығы Түркиядан Қытайға 
өтті. АӨСШК құрамына Катар мен Бангладеш қабылданды. 
Саммиттің ШЫҰ сияқты маңызды халықаралық ұйым дүниеге келген қа-
лада өтуі қуантарлық жағдай болды. Екі өңіраралық құрылымның күшін 
топтастыруға мүмкіндік берген, сондай АӨСШК нақты іс-шара ережелері 
қабылданған ШЫҰ мен АӨСШК арасындағы өзара түсіністік туралы мемо-
рандумның Шанхай қаласында бекітілуі де кездейсоқ емес еді. 
Саммитте қабылданған қорытынды құжат – «Диалогты, сенімді нығай-
ту және жаңа Азиядағы тұрақтылық пен ынтымақтастықты үйлестіру» 
декларациясы Қытай төрағалығымен жүргізілетін жұмыс өзара сенім 
мен сыйластықты арттыруға бағытталатынын айқын көрсетті.
АӨСШК-нің өзге де қатысушылары тәрізді, Қазақстан да Кеңестің бұ-
дан былай сан жағынан өсуі жеткіліксіз екенін айқын ұқты. Сол сияқты 
тек диалог алаңы ретіндегі қызметпен де шектелмеуі тиіс еді. Азиядағы 
нақты мәселелерді шешу үшін жаңа, мазмұны әлдеқайда терең формат 
қажет болды. Бұдан өзге, Қазақстан ЕҚЫҰ-ға Төрағалық жасаған кезеңде 
біздің ел ұсынған қауіпсіздіктің жалпы континенталдық, еуразиялық жүйесі 
туралы бастамасы да мықты азиялық ұйымды қажет етті. АӨСШК-ні қай-
та форматтау пісіп-жетілген мәселеге айналды. Сондықтан да біз саммит-
ке қатысушылардың назарын АӨСШК негізіндегі Азиядағы қауіпсіздік пен 
даму ұйымын (АҚДҰ) құру туралы ұсынысқа аудардық. Бұл – заңдылық еді. 
Өз сөзімде: «Сондықтан біз, Азия елдері, құрлықты бейбіт жолмен дамыту 
мәселесімен өзіміз айналысуымыз қажет. Осы процесте АҚДҰ маңызды 
құрал болуы ықтимал», – деп атап өттім. «АӨСШК-ға мүше-мемлекеттердің 
көшбасшыларын осы мәселені шешуді кейінге қалдырмауға шақырамын».
Қазақстанның қорытынды баспасөз мәслихатында Қытай өзінің төраға-
лық ету кезеңінде Кеңестің негізінде белсенді әрекет етуші азиялық өңірлік 
ұйым құруға барлық күш-жігерін жұмсайтынына сенім білдірді. 


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
449


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет