НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет78/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

ШЫҢДАДЫ
БІЛІМ

ҒЫЛЫМ

МӘДЕНИЕТ

СПОРТ
Орта білімді дамыту. 
Мектептерді компьютерлендіруді бастау 
Б
ілім саласында динамикалық өтпелі кезең жалғаса түсті. Іздену және 
жаңа бастама бұл кезеңнің өзіне тән белгілеріне айналды. 
1997 жылдың маусымында Қазақстан халықтары Ассамблеясының 
IV сессия сында сөйлеген сөзімде, мен «кеңестік білім беру жүйесінен жап-
пай бас тарту кешірілмес қателік болар еді» дегенді атап көрсеттім: оның 
ең жақсы жақтарын алып, жаңа әлеуметтік-саяси жағдайға бейімдеу әл-
деқайда орынды болар еді. 
Қаржылық қиындықтарға қарамастан, мемлекет барлық қазақстан-
дықтардың тегін орта білім алуына кепілдік берді. Бұл ретте ақылы оқуға 
негізделген жекеменшік мектептердің ашылуына жағдай жасалды. 1994 
жылы бүкіл елде небәрі 18 осындай мектеп болды, оларда тек 1 мың адам 
білім алды. Төрт жылдан кейін мектептер саны он есе артты, ал оқушылар 
саны 18 мыңнан асып түсті.
Заманауи ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы орта білім 
беру жүйесін жаңғыртуға ықпал етті. 1997 жылдан бастап оқушылар ком-
пьютерлік сауаттылықты меңгеруге қол жеткізді. 1998 жылы мектептерді 
компьютерлендіру мен бірыңғай білім беру ақпараттық ортасын дамытуға 
жауапты арнайы ғылыми-әдістемелік орталық құрылды. Жекелеген пән-
дерді тереңдетіп оқытатын мектептер, сондай-ақ дарынды балаларға мек-
тептен тыс білім беретін оқу орындары көбейе түсті. 1996 жылдан бастап 
мұндай мектептерге бюджеттен қосымша қаражат бөлініп тұрды. Кәдімгі 
мектептердің орнына гимназиялар мен лицейлер құрылды (1996 жылы 
рес публикада 122 гимназия және 96 лицей, 1999 жылы – 131 және 104 гим-
назия мен лицей жұмыс істеді). Әлемдік білім беру стандарттарына сай, бір-
лескен оқу орындары желісі қалыптаса бастады. 1996 жылы елде қазақ, түрік 
және ағылшын тілдерінде білім беретін 28 қазақ-түрік лицейі жұмыс істеді. 
Ел аумағында дарынды балаларды іздеп табу, олардың қабілеттерін 
дамытуға жағдай жасау – ел болашағын ойлаудан туған игілікті қадамдар 


ҰЛЫ БЕТБҰРЫС. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
155
еді. Мемлекеттік маңызы бар бұл міндетті шешу жүйелі іс-қимылды талап 
етті. 1998 жылы республикалық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми 
жарыстарын өткізумен айналысатын республикалық ғылыми-тәжірибелік 
«Дарын» орталығы ашылды. 
Мен әрқашан білім беру мәселелерін өзімнің басты назарымда 
ұстауға және азаматтарымыздың, бірінші кезекте, жас буынның жаңа 
білім мен жаңа дағдыларды меңгеруін қамтамасыз етуге, білім дең-
гейін арттыруға барлық мүмкіндіктерді жасауға тырысып бақтым. Жа-
сыратын несі бар, көп пайда түсірмейтін, сол себепті коммерциялық 
құрылымдардың қызығушылығын тудырмайтын салаларда ауқымды жо-
балар жасап, дамыту үшін билік басындағы адамдардың ықпалы керек 
болады. Президент лауазымы маған осындай үлкен мүмкіндіктер бе-
реді. Білім беру саласы, өкінішке қарай, осы салаға жатады, себебі ұзақ 
мерзімді салымдарды талап еткенімен, елеулі коммерциялық пайдаға 
жол ашпайды. Сондықтан да Білім беру қорын құруға бел будым және 
оған өз атымның берілуіне келістім. Халықаралық стандарттарға сәйкес 
жаңа білім беру үлгісіне көшуді көздейтін бұл қор 1998 жылдың жел-
тоқсанында құрылды. Қордың қамқорлығымен «Мирас» инновациялық 
мектептері мен балабақшалары ашылды.
Іске жаңаша көзқарас өз нәтижесін берді: халықаралық ғылыми жа-
рыстарға қатысқан жас қазақстандықтар үйлеріне ең жоғары марапаттар 
алып, қуанышпен оралып жатты. Елдің беделін көтеріп, отандық ғылымның 
болашағына деген сенімді нығайтқан балалардың талабын қолдап, білімін 
онан әрі дамыту мақсатымен мемлекет тарапынан білім беру саласына 
үсті-үстіне қолдау көрсеттік. 
Мен, сондай-ақ мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамту 
мәселесін ерекше бақылауыма алдым. 1998–1999 жылдары дағдарыс 
кезінде оқуын тастап кеткен 26 мыңнан астам бала мектепке қайтарылды. 
Мемлекеттік қаражат есебінен 182 орта білім беру ұйымдары, оның ішінде 
46 жалпы білім беретін мектеп, 23 интернат, 6 кәсіби-техникалық мектеп 
қалпына келтірілді. 
Менің тапсырмам бойынша, бюджеттен мектепті ұстауға бөлінген қа-
ражаттың бір проценті тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларды 
қолдау үшін құрылған Жалпыға бірдей білім беру қорына бөлінді. Шалғай 
ауылдардың балалары мектепке және үйлеріне тегін жеткізіле бастады. 
Жас тәуелсіз елдің жаңа мектеп оқулықтары болған жоқ. Баршаны 
алаңдатқан бұл мәселе бірден шешімін таба қойған жоқ. Осыған байланыс-
ты Үкімет арнайы бағдарлама қабылдады. Бағдарлама аясында 60 автор-
лық ұжым орта мектепке арналған оқулықтар жазуға кірісті. Жаңа буынның 


156
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
1–2 сынып оқушыларына арналған алғашқы оқулықтар 1999 жылы қазақ 
және орыс тілдерінде шықты. 
Үздік нәтиже көрсеткен орта мектеп түлектерін ынталандыру үшін, 
кеңестік тәжірибені де іске жараттық: оқу озаттарына «Алтын белгі» ме-
далін тапсыра бастадық (1999 жылы тағайындалды). 
Көз алдымызда өзгеріп жатқан өмір заңнамаға, соның ішінде білім беру 
саласына өзгерістер енгізуді талап етті. 1996 жылдың қаңтарында «Білім 
туралы» заңға толықтырулар енгізілді, бірақ бірнеше жылдан кейін ол да 
мемлекет пен қоғамның нақты қажеттіліктеріне жауап бере алмады. 1999 
жылы қабылданған жаңа заң – басым сала ретінде – білім беру жүйесі үшін 
мемлекеттік құқықтық және экономикалық кепілдіктерді қарастырды, оқу 
орындарын қаржыландыру тәртібін реттеп, олардың дербестігін арттыра 
түсті. 
Үздіксіздік пен сабақтастық ұстанымы бойынша құрылған білім беру 
жүйесінің төрт деңгейі болды, ол – мектепке дейінгі тәрбие және оқы-
ту, міндетті орта, жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі білім. 
Мазмұндық тұрғыдан білім жалпы және кәсіби болып бөлінді. Жалпы орта 
білім үш сатыдан тұрды: бастауыш (1–4 сыныптар), толық емес орта (5–9 
сыныптар) және толық орта (10–11 сыныптар). 1999 жылы Қазақстанда 8,1 
мың мектеп жұмыс істеді, мұнда 3,1 миллион бала білім алды. 
Бастапқы және орта кәсіптік білім беру жүйесі үшін 1990-шы жылдар 
жаппай өзгеру кезеңі болды: жаңа мүмкіндіктерді қуана қабылдай оты-
рып, білім беру жүйесі оқыту нысандары, оқу орындары құрылымдарына 
байланысты және т.б. тәжірибелік ізденістерге барды. 1996 жылға қарай 
кәсіптік білім берудің үздіксіз жүйесінің маңызды буыны – колледж болды.
Колледждер өзінің дәстүрлі қалпында (орта арнайы оқу орны), сондай-ақ 
жаңа қалыпта (университет немесе жоғары оқу орны базасында) жұмысын 
жалғастырды.
1990-шы жылдардың соңына қарай елдегі бастапқы кәсіптік-техникалық 
мектептер мен колледждердің саны төрт жүзден асты. Жаңа оқу жоспарла-
ры аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып құрылды және бір-бірінен ай-
ырмасы да осы болды, сонымен қатар өндірістік тәжірибенің үлесі барлық 
жерде бірдей болды (оқу уақытының 45 процентіне дейін). Жаңа экономи-
ка талабына сәйкес кәсіп түрлері көбейді. Жеке сервисті ұйымдастырушы, 
кәсіпкер, фермер-жалгер, ЭЕМ операторы мамандықтарына дайындау 
басталды. 
Қазақстанның орта білім беру жүйесі бірте-бірте 1990-шы жылдардағы 
дағдарысты жеңді және туындаған мүмкіндіктерді пайдалана отырып, да-
мудың жаңа деңгейіне көтерілді.


ҰЛЫ БЕТБҰРЫС. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
157


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет