Демографиялық өсім: өзгеріс заңдылықтары 1990-шы жылдардың соңына қарай Қазақстан тұрғындарының жалпы
халық санының азаюы баяулады және осы игі өзгерістер жақын уақыттар-
да демографиялық өсім болатынын болжауға мүмкіндік берді.
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы халық санағы 1999 жылдың ақпанында
жүргізілді. Халық санағы елде 14,9 миллион адам өмір сүретінін және рес-
публика тұрғындарының ұлттық құрамының айтарлықтай өзгергенін көр-
сетті. 1989 жылғы кеңес кезіндегі соңғы санақ нәтижелерімен салыстыр-
ғанда, қазақтардың саны 1,5 миллионға дерлік артып, 7 миллион 985 мың
адамға жетті (53 проценттен астам). Бұған қазақ тұрғындардың табиғи өсімі,
қазақ еместердің басқа елдерге көшуі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан,
Түрікменстан, Моңғолия және өзге елдердегі қандастарымыздың отанына
оралуы себеп болды. Республикадағы орыс халқының саны дәл сол кезеңде
1,5 миллион адамға азайып, 4 миллион 480 мың адам болды (30 процент).
Орыстар Қазақстанды мекендейтін этностардың ішінде саны бойын-
ша екінші орында болған, әлі де солай. Қос халықтың үзілмес байланысы
XXI ғасырда да жалғасатынын 1998 жылдың 6 шілдесінде мен және Ресей-
дің көшбасшысы Борис Ельцин қол қойған мәңгілік достық пен одақтастық
дек ларациясы тағы да нақтылай түсті.
1990-шы жылдардағы халық санағында белгілі болған демографиялық
өзгерістер 1960-шы жылдары қазақтар мен өзге ұлт өкілдері арасында қол-
дан жасалған айырманы түзеді. Қазақ халқы тәуелсіз Қазақстанның ең көп
тұрғындарына айналды. Бұлай болуы заңды да еді.
1990-шы жылдардың екінші жартысында ішкі көші-қон – ауыл-
дан қалаға көшу де белең алды. 1990 жылы қалаға қоныс
аударған ауылдықтардың саны шамамен 1,4 миллион адамға жетті. Әсіресе
Алматы және Астана қалаларында үлкен өсім байқалды.