ҰЛЫ БЕТБҰРЫС. ҚАЗАҚСТАННЫҢ
ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
151
Қазақстанның ақпараттық саясаты ТМД елдерінің ақпараттық кеңістігі
аясындағы өзара әрекеттесуді реттеуге көмектесті.
Мен 1997 жылы «Біртұтас ақпараттық кеңістікті қалыптастыру туралы»
Жарлыққа қол қойдым. Оның мақсаты – Қазақстанның кез келген азаматы-
ның ақпаратқа еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету болатын.
Талантты журналистерді ынталандырып, шығармашылық ізденіске дем
беру үшін 1997 жылы БАҚ саласында Қазақстан Республикасы Прези-
дентінің сыйақылары мен гранттары тағайындалды.
Дәл сол жылы 28 маусымда ел тұңғыш рет Байланыс және ақпарат қыз-
меткерлері күнін атап өтті. Аталмыш кәсіби мерекеге бұл датаның таңда-
луы кездейсоқтық емес-тін. 1991 жылы тура осы күні «Баспасөз және өзге
де бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң қабылданған болатын.
Халықаралық ұйымдар, БАҚ және ҮЕҰ қатысуымен дайындалып, 1999
жылдың 23 шілдесінде қабылданған «Бұқаралық ақпарат құралдары тура-
лы» жаңа заң журналистердің құқықтарын қорғап, цензураға, бұқаралық
ақпарат құралдарының жұмысына мемлекеттің араласуына тыйым салып
қана қоймай, олардың жариялаған деректерінің дұрыстығына жауапкер-
шілігін бекітті. Осы заңның тәртіптерінен қазақстандық бұқаралық ақпарат
құралдарының сан алуандығына ғана емес, ұлттық ақпараттық кеңістігімізді
нығайтуға да мүдделі мемлекеттің ақпараттық стратегиясы көрініс тапты.
1990-жылдардың ортасы Интернет атанып кеткен бүкіләлемдік компью-
тер желісінің тез дамыған уақыты болды.
Онжылдықтың екінші жартысында
Қазақстанда жастар арасында
өте көп қолданылған алғашқы интернет-кафелер ашыла бастады. Дү-
ниежүзілік желіде домендік .KZ (Казнет) аймағы пайда болды. Жүзде-
ген сайттар ашылды. Газеттер мен телеарналар өз интернет нұсқала-
рын құра бастады. Ірі компаниялар, білім беру мекемелері,
мемлекеттік
органдар дүниежүзілік желіде өз парақшаларын ашты. 1998 жылы Қа-
зақстан Республикасы Президентінің ресми сайты – Prezident.kz жұмыс
істей бастады. 1999 жылы Қазақстанда шамамен 12 мың Интернет желісі
абоненттері тіркелді.
Пейджерлердің пайда болуы қазақстандықтардың әлеуметтік мобиль-
ділігін біршама арттырды, әйтсе де пейджер байланысының ғұмыры тым
ұзаққа созылған жоқ, оның орнына ұялы телефон жүйесі келді. 1994 жылы
бұл нарықтың алғашқы қарлығашы «Алтел» операторы болды, бірақ оның
қызметтері бастапқы кезде тек жағдайы бар адамдарға ғана қолжетімді еді.
Алайда 1998–1999 жылдары «Kcell» және «КаР-Тел» компаниялары бүкіл
елге GSM стандартындағы ұялы байланыс стандартын таратты және осы
кезден бастап ұялы телефон жедел түрде пейджерді қолданыстан ығысты-
152
ТӘУЕЛСІЗДІК
ДӘУІРІ
ра бастады. 1999 жылы Қазақстандағы ұялы байланыс абоненттерінің саны
шамамен 80 мың болды.
«Қазақстан-2030» стратегиясында заманауи коммуникация түрлерін тара-
ту мен олардың Қазақстанның дамуындағы маңызы деген мәселеге ерекше
көңіл бөлінді: «Телекоммуникациялар нарықтық тетіктер қызметін ақпарат
алуды кеңейту мен олардың берілуін жүзеге асыру арқылы қуаттап отырады».
Мемлекеттің коммуникацияларды дамыту инновацияларын қолдауы-
ның
арқасында, қазақстандықтардың кәсіби, қоғамдық және күнделікті
өмірі осы кезеңде жаңа серпінге ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: