Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


III тарау. Ортағасырлык, философия



Pdf көрінісі
бет152/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117665
түріОқулық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

III тарау. Ортағасырлык, философия
оған аққу ілдіріп, осылардьщ бэріне той өткізіп, солардың боріне Асан қайғыньің 
риза болмай: «Сарайың оны салған орыстарға бұйырар, күңді эйел еткенің - тұ- 
қымың хандықтан айырылар, құладынға қудьщ олжа болғанын көргенің - жерің 
ТТТТ.Ш иесінен айырылып, жат жүрттыққа бодан болатындығьша көрінер» дегең 
болжамдары эңгімеленеді.
Ел ішінде шежіре сөздер мен күй аңыздарына Караганда Асан қайғы халық 
қамын ойлаған ақылгөй, көреген ғана емес, сонымен бірге атақты күйші де болған. 
Көптеген күйлерінің аты мен аңыз әңгімесі элі күнге дейін айтылады. Өкінішке 
орай, эзірше «Ел айырылған», «Асан қайғы», «Желмаяньщ жүрісі», «Зар» сияқты 
санаулы ғана күйлері белгілі.
Ел аузындағы қария сөзінің айтуына қарағанда Асан қайғы Сарыарқада дүние 
салып, Ұлытаудың топырағы бұйырған. Ал Ш. Уәлиханов жазуында Асан ата өмі- 
рінің соңғы жылдарын Жетісуда өткізіп, Ыстықкөлдің жағасында қайтқан.
Осы уақытқа дейін Асан қайғы мұрасын эдебиетшілер ғана «иеленіп», ақын- 
жырау аты аңызға айналған дала утописі деп, догмалық, таптық көзқараспен 
байлап, шырмап, халық көзінен тасалап, көмескілеп келді.
М. Әуезов «Әдебиет тарихы» атты еңбегінде, ең алдымен, жырау деген атаққа 
ие болған шығармашылық өкілінің өз ортасында ерекше салмағы бар қоғамдық 
тұлға екендігін байыптай отырып, оның негізгі атқарар қызметі «өлеңшілік емес, 
елге басшылық істеп, басалқы айту болатын» дей келіп, «олар хан қасындағы 
қалың елдің ішінен қосылған қариялар кеңесінің өкілдері» деген тұжырым айтады. 
Кейін осы тарапта қалам тартқан Қазақ КСР Ғылым Академиясының академиктері 
Қ. Жұмалиев, Ә. Марғұлан, 3. Ахметов, Қазақ КСР Ғылым академиясының кор­
респондент мүшелері Е. Ысмайылов, Н.С. Смирнова, Ы. Дүйсенбаев, Ә. Дер- 
бісалиев еңбектерінде жеке авторлар туындылары ғана емес, жалпы жыраулық 
шығарманың ақындық поэзиядан негізгі ерекшеліктері жырау атанған автордың 
тек үлкен эпостарды жырлайтындығымен ғана емес, елдің іргелілігі үшін күре- 
сетін ақылгөйлік, көрегендік, даналық сөздер сөйлейтін көсемдік табиғатымен 
тікелей байланысты қарастырылған. Жалпы, жыраулар поэзиясы туралы зерт- 
теудің бас-аяғы тек бұлармен ғана шектелмейді. Б. Кенжебаев, X. Сүйіншэлиев, 
М. Мағауин, Қ. Сыдиықов, М. Жармұқанбетов, Ө. Күмісбаев, Б. Ақмұқанова, 
Қ. Мұқамеджанов, Е. Тұрсынов, С. Дәуітов зерттеулерінің де тек жекелеген 
жырауларды ғана емес, жалпы жыраулар туындьшарыньщ көркемдік қыры мен 
сырын, дәстүрлік аясын тануда атқарар қызметі аз емес. Осы жұмыстардың 
қайсысы болмасын жыраулар мен ақындардың XX ғ. басына дейінгі қазақ поэзия- 
сына қосқан өзіндік үлестерін айқындауда ерекше мәні бар елеулі еңбектер екен- 
дігі сөзсіз. Бірақ біз сөз еткелі отырған XV ғасырдан XX ғасырға дейінгі дәуірдегі 
жыраулық, ақындық поэзияда тарихи оқиғалар, заманалар шындықтарын сурет- 
теу мәселелерін ашуды аталмьнп зерттеулер өздерінің алдарына негізгі міндет 
етіп қойған емес.
Асан қайғының өз заманында көптеген нақыл сөздер, афористік, философия- 
лық толғаулар шығарғандығын айта келіп, Қазақ Совет Энциклопедиясында оның 
шығармашылық мұратының мотивациясы былайша түжырымдалады: «Асан 
қайғы өз заманында қоғамдық өмірге үңіле қарап, халықтың тартып отырған ауыр 
азабын, аш-жалаңаштық, жұт-апат, өзара қырқысқан жаугершілік, әлеуметтік тең-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет