Байланысты: Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3
Д р аб.тіл ді исламфилософиясы 71
ген сенім күшін жоюы мүмкін. Әрине, бұл қағидалар дэлелденген эрі бекітілген
болуы мүмкін, бірақ дэлелді түсіну үшін олар арнайы біліммен жабдықталулары
тиіс,. әйтпесе жүзу білмейтін адам теңізге қалай батса, олар да философия-
лық қарама-қайшылықтар мен ерекшеліктер «теңізіне» батып кетеді. Олардьщ
тапсырмасы - жетекшілерінің діни уағызын («уа’аз») мұқият тыңдап және ке-
ремет сезімге белену. Осы жағынан алғанда әл-Ғазали «Калама» ғылымын дәрі-
мен салыстырса, ал «Фиқһ» ғылымын тамақпен салыстырады. Адам үнемі дэріні
қабылдай алмайды, өйткені дэрі оның өліміне себешді болуы мүмкін. Ал тамақ
барлығына пайдалы болса, дэрі тек белгілі бір шектегі адамдарға ғана пайдасын
тигізеді. «Хаууас» үшін қандай да бір діни жетекшілерге еліктеу күнэ жасағанмен
пара-пар. Олардың міндеті - затгардың мэнін білу жэне логикалық жолмен
(«и’стидляль») Ақиқатты іздеуді жүзеге асыру. Басқаларына қарағанда дұрысырақ
мектеп деп есептеп шафииттік «мазһаб» мектебін таңдау себебін ол: басқа құқық-
тық мектептердің ұсынған әртүрлі дәлелдемелерін оқьш, мынаны ұқтым, дэл осы
«мазхаб» өзінің дұрыстығын логикалық жэне ақыл-парасаттық тұрғыда дэлелдей
алады, - деп түсіндіреді.
Әл-Ғазали өзінің еңбектерінің бірін балаларға арнаған жэне кітабына баламен
байланысты ат берген - «Айуха валяд» - «Тында балам!» сирек философтардың
бірі. Бұл кітапта ол қарапайым тіл мен анық ережелер арқылы маңызды әлеумет-
тік феномен - тұлғалық, қоғамдық жэне діни бала тәрбиесі жөнінде айтады. Ол
Құраңда келтірілген мэліметтер мен хадистерді, сонымен бірге өмірлік тәжірибе-
мен шыньщқан, ақьшмен мойындалған күнделікті өмірдегі барлығына ұнайтын
тарихи* жайттарды да қолданды. Ол пайғамбарлар, ғұламалар, жетекшілер жэне
танымал қасиетті тұлғалардыц өмірінен сілтеме келтіріп, олардың жеке өмірі-
нен мысалдар береді. Ойшыл отбасындағы жэне мектептегі тәрбиенің түрін ай
тады. Әл-Ғазали баланы ата-анасына кұдірсггі Жаратушының берген сыйы деп
санайды, олар баланы қорғау арқылы құдайдың_ алдындағы жауапкершіліктерін
орындайды. Баланы тэрбиелеу, ең алдымен, отбасынан басталады. Отбасылық
тәрбиенің маңыздылығын көрсете келіп, ол: «О, бізді өздерің мен туыстарынды
тозақтың отынан қорғандар деп үгіттеушілер!» (Қасиетті Құран, 66:6) деген аят-
тыжэне «Баланы жақсы тэрбиелеу жэне оған жақсы есім беру экенің парызы мен
жауапкершілігі», - деген хадисті мысалға келтіреді. Әл-Ғазали бойынша, бала дү- /
ниеге келген кезде этика мен білім жоспарынан оқшау болады, яғни жақсы немесе
жаман болмайды. Ол - бір нәрсемен толуға бейімделген таза эрі бос субстанция.
Балаға берілетін білім, оның ата-анасы шыққан мәдени ортаның бейнесін көрсе-
теді. Осыған дэлел ретінде ол пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Дүниеге келген әрбір
тіршілік иесі өзінің табиғи шынайылығына сай болады («фитрат»), - деп айтқан
хадисін келтіреді. Егер оның әкесі мен анасы еврей болса, олар оны еврей қылядтл
егер христиан болса, христиан болады, егер отқа табынушьшар болса, отқа табы-
нушы»қылып тәрбиелейді» (ат-Тирмизи хадистерінің жиынтығы), - деп айтқан
хадисін келтіреді. Бұдан өзге, әл-Ғазали баланың рухымен қатар денесін де дамы-
ту қажеттігін басты назарға алады. Баланы рухани дамыту оның қайырымды, әді-
летті, махаббат, қайғыру, мейірімді, зұлымдықтан алшақ болу жэне материалдық
жағдайға бағьшбай батырлықты сүю секілді сезімдерін оятады. Анасы мен әкесі
осы сезімдерді көрсету арқьшы балаға үлгі болулары керек; біреуді жақсы көру