ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
ТӨМЕНГІ САТЫДАҒЫ МОНОГЕНЕЙЛЕР КЛАСС
ТАРМАҒЫ -POLYONCHOINEA
Бұл класс тармағына бекіну дискісінде жақсы дамыған, ілмешек-
термен қаруланған, бір немесе көптеген сорғыштары бар моногеней
өкілдері жатады. Личинкаларының көзі жақсы дамыған және бекіну
дискісінде 14-16 кішкене шеткі ілмешектері бар. Класс тармағының
өкілдері теңіз және тұщы су балықтарының паразиттері солардың
ауруы мен өлімінің себепкерлері. Мысалы, Еділ /Волга/ өзенінің
бекіре тұқымдас балықтарының желбезектерінде Nitzchia sturions
тіршілік етеді. Қортпаны /қызыл балық/Аралға акклиматизация-
лағанда /жерсіндіргенде/ кездейсоқ әкелінген моногенетикалық
сорғыш Nitzchia sturions жергілікті бекіре тұқымдастардың арасында
ауру туғызып, олардың күрт азаюына әкеп соқты.
Тұщы су балықтарының желбезектерінде тіршілік ететін
Dactylogyridae тұқымдасының көптеген өкілдері тәжірибелік маңызды
орын алады. Мысалы, тұқы балықтардың жас особьтарының біреуінде
әрқайсысы 1-3 мм-дей 500 ұсақ Dactylogyrus паразиті табылған. Олар
иесінің эпителиімен немесе қанымен қоректене отырып, бұл балык-
тар дың жаппай қырылуына әкеп соқты.
Балықтардың қауіпті паразиттерінің бірінде тірі туу қасиеті бар.
Бұларға Gyrodactylidae тұқымдасының өкілдері жатады. Олардың
бекіну дискісі орталық ілмектердің жұбымен және 16 ұсақ шеткі
ілмектерімен қаруланған.
Polystomatidae тұқымдасының өкілдері - амфибиялар мен бауы-
рымен жорғалаушылардың паразиттері. Кейбір паразиттер, мысалы,
бақа көпезуі эндопаразитке айналған. Олар ірі денесімен, тарамдалған
ішектерімен және көптеген аталық тұқым таратқыштарымен
сипатталады. Бекіну дискісінің 6 бұлшықетті сорғышы болады.
Достарыңызбен бөлісу: