Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет110/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

64-cypem.
Өгіз солитері (Taeniarhynchus saginatus). Көлденең кесілген бір бөлшегі: 
1 - кутикула, 2 - эпителий клеткаларының негізі,
3 - сақина тәрізді бүлшықеттері, 4 - ұзына бойы бұлшықет талшығының 
кесілген ұшы, 5 - паренхиманың ішіне батқан эпителий клеткалары,
6 - паренхима, 7 - дорзо-вентральды бұлшықет талшықтары
өтеді. Түтік дененің артқы жақ шетінен басталып алдыңғы жаққа 
қарай бағытталады. Бас бөлімге жеткен түтік қайта кері бағытта 
артқа қарай жетіп, зәр шығару саңылауымен аяқталады. Кері бағыт- 
талған екі түтік денесінің соңында бірігіп, жиырылғыш қуықпен 
аяқталады. Денесі буындалған құрттарда бүйірлік ұзына бойына со- 
зылған зәр шығару түтіктері әрбір буында көлденең түтікпен байла- 
нысып, сатылы түрде болады. Соңғы буындардың үзіліп түсуінің 
нәтижесіңде жиырылғыш қуығы жоқ, бүйірлік түтіктер тікелей сырт- 
қа қарай ашылады. Зәр шығару жүйесіндегі бүйірлі түтіктерден дене 
ішіне (паренхимаға) қарай көптеген түтікшелер тарап, олар бос 
ұшында жұлдыз тәрізді “кірпікше жалынды” терминальды клетка- 
лармен аяқталады. Терминальды клетклар арқылы жиналған несеп 
заттар түтікшелерге өтіп, негізгі түтіктер арқылы сыртқа шығары- 
лады.
Қан айналу және ты ны с алу жүйесі болмайды. Анаэробты 
жолымен тыныс алады.
Нерв жүйесі, сезім мүшелері нашар дамыған. Орталық жүйке 
жүйесі жұп ми түйінінен тұрады. Бұл екі түйін бас бөлімінде орна- 
ласып, өзінен артқа қарай бірнеше жұп нерв бағаналарын таратады. 
Бағаналар өзара көлденең байланысып, ортогонды нерв жүйесін
173


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
құрайды. Ерекше дамыған екі бағана дененің бүйірінен өтіп, өзінен 
көптеген тармақтарды бөледі, олар өзара тұтасып тері асты нерв 
қабатын түзеді. 
Сезім мүшелері 
денесінің беткі жағында сезу 
клеткалары түрінде шашырап таралған. Көп мелшерде олар бас 
бөлімінде (сколексте) кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет