Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


Мысық немесе сібір қосезуі



Pdf көрінісі
бет104/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

Мысық немесе сібір қосезуі 
Opisthorchis felineus иттің, мысық- 
тың және адамның бауырында, өт жолдарында паразиттік тіршілік 
етеді. Үзындығы 8-13 мм, ені 
1,2-2 мм. Негізгі ерекшелігі аталық 
бездері жапырақ формалы болып, артқы дене бөлігінде орналасуы 
(61,А-сурет). Сорғыштың бірінші аралық иесі Bithynia Іеасһі ұлуы, 
ал екіншісі 
балықтар. Адамның ауруға шалдығуы 
метацеркариі 
бар шала піскен балықты жегеннен. Описторхис адамға патогенді 
эсер етеді, ал паразиттердің саны көп болса, өліммен аяқталуы мүм- 
кін. Бір адамда 75000 сорғыштардың табылғаны туралы деректер 
бар. Мысық сорғышы Сібірде, Еуропаның Шығыс және Оңтүстік 
аудандарында таралған. Описторхоз ауруына ұшыратады.
Қан косезуі 
Schistosoma haematobium қос жынысты. Аталығы / 
ұзындығы 12-14 мм/ аналығынан қысқа, бірақ жуан, құрсақ бөлімі
165


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
үзынша, ішке қарай еніңкі келеді, ол гинекофор ойығы, (canalis 
gynaecophorus), онда ұзын /20 мм/, бірақ жіңішке аналық жатады, 
паразиттер әрқашанда жұбымен кездеседі (61 ,Б -сурет). Дөңгелек 
ірі /0,12 мм/, қақпақсыз жұмыртқалары болады. Шистозома адамның 
құрсақ қуысының ірі веноздық тамырында, қуық пен бүйректің 
веналарында тіршілік етеді. Аналықтары жұмыртқаларын қуық пен 
артқы ішектің қабырғаларындағы тамырларға салады. Құрамында 
мирацидиялары бар жұмыртқалар қуық қабырғасын тесіп, оның 
қуысына түсіп, несеппен сыртқа шығады. Жұмыртқалардың несепте 
табылуы 
шистозоматоз ауруын көрсетеді. Паразиттер қуықта, 
бүйректе және несеп жолдарында тіршілік етіп осы мүшелерді 
қабындырып, жаралайды. 
Содан басқа, жұмыртқалардың 
жиынтығының маңайында фосфорқышқыл тұздары жиналып және 
қуықта тастар пайда болуы мүмкін.
Қан қосезуінің мирацидиялары суға түсіп, тұщы судағы моллюс- 
каларда дамып, церкарилерге айналады. Олар адамның денесіне суға 
шомылғанда терісіне жабысып, қан тамырларына өтеді. Қан қосезуі 
негізінен Африкада, Үндістанда сонымен қатар Америкада, Кипрде 
және басқа жерлерде тараған.
Шистозоматоз 
адамның өте ертедегі ауруы, жұмыртқалары 
біздің эрамызға дейінгі 1300 жыл бұрынғы Египет мумиялары- 
нан табылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет