ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
МОНОГЕНЕТИКАЛЫҚ СОРҒЫШТАР КЛАСЫ
MONOGENOIDEA
Моногенетикалық сорғыштар - балықтардың терісі мен жел-
безегінде, амфибиялар мен бауырымен жорғалаушылардың қуығында
және басқа да мүшелерінде тіршілік ететін эктопаразиттер. Олардың
түр саны 2500-ге жетеді.
Құрылысы мен физиологиясы.
Моногенетикалық сорғыштар-
дың денесі созылыңқы, артқы бөлімінде ерекше бекіну дискісі
болады. Оның ілмешектері, сорғыштары немесе тканьдерді қысып
алатын екі жақты қақпақтары бар. Арнайы бекіну мүшелері денесінің
алдыңғы бөлімінде де болады. Олар паразиттің қоректену кезінде
бас бөлімінің бекінуін қамтамасыз ететін, жабысқақ секрет бөлетін,
бір клеткалы бездердің жолдары ашылатын қалақ тәрізді өсінді-
лерден немесе кішкене сорғыштардан тұрады. Ішкі құрылысы диге-
нетикалық сорғыштарға өте ұқсас. Жамылғылары трематодтардікі
сияқты - тегумент.
Ac қорыту жүйесі.
Денесінің алдыңғы бөлімінде орналасқан ауыз
қуысы көптеген бүйір өсінділермен тарамдалатын қапшық тәрізді
немесе кос тарамды ішекке жалғасқан.
Достарыңызбен бөлісу: