ОМЫР ТҚА СЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
66-сурет.
Өгіз солитерінің финнасы: A - сиыр етінің арасындағы финна;
Б - финна -цистицерк; 1 - сколекс, 2 - мойын, 3 - сұйыктыққатолы көпіршік
12—574
67-сурет
Цестодтардың личинкалары: А - цистицерк; Б - ценур;
В - эхинококк; Г - цистицеркоид
177
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Солитерлер немесе цепеньдер отряды
Cyclophyllidea
Бұл отрядтың негізгі ерекшеліктері: басында (сколекс) төрт сор-
ғыштары
мен кутикулярлы ілмектері бар; денесі көп буынды; жатыны
тұйықталған; дамуы түпкі (негізгі)
иесінен аралық иесіне көшу
арқылы өтеді; личинкалары - цистицерк, цистицеркоид, ценур, эхино
кокк, альвеококк.
Солитерлер отрядына
көптеген тұқымдастары жатады, солардың
ішінде адам мен жануарларға күшті зиян келтіретін үш тұқымдастың
өкілдері: Taeniidae тұқымдасынан Taeniarhynchus
saginatus - өгіз
солитері, Taenia solium шошқа солитері, Echinococcus granulosus
эхинококк, Alveococcus multilocularis альвеококк,
Multiceps multi-
ceps
қой мишығы; Anoplocephalidae тұқымдасынан
Moniezia
expansa -мониезия; Hymenolepididae
тұқымдасынан - Hymenolepis
nana қортық солитері.
Өгіз солитері (Taeniarhynchus saginatus)
немесе қарусыз цепені.
Басында тек төрт сорғышы болады, ілмешектерінің және тістерінің
жоқтығынан қарусыз деп аталады. Денесі 1000-нан
аса буыннан
тұрады, ұзындығы 18-20 м-ге дейін. Жыныс мүшесі 200-ші буыннан
(проглоттидтен) бастап дамиды.
Пісіп жетілген буындарының ұзындығы 16-30 мм, ені 5-7 мм,
тұйықталған жатын тармақтарының саны 17-35-ке жетеді.
Өгіз солитерінің даму циклі жоғарыда көрсетілген. Ересек түрлері
адамның ортаңғы ішегінде тіршілік етеді, ал
личинкасы аралық иесі
сиырдың немесе өгіздің ішкі мүшелерінде дамиды. Личинкалары
цистицерк типті. Жұқтыратын ауруы тениаринхоз деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: