ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
вияда т.б. кездеседі. Гельминтоздан сақтанудың жолы - гигиеналық
шараларды мүлтіксіз орындау болып табылады: жеміс-жидектер мен
көкөністерді міндетті түрде жуып жеу; балық пен ірі қараның етін
толық пісіріп, қуырып жеу; кез келген ағын суды ішпеу; үнемі
тазалықты сақтау; тағамдарды дұрыс дайындау; су қоймаларын, мал-
қораларын, әжетханаларды таза ұстау, т. б. Халық арасында осы
ауру туралы санитарлық-ағарту насихатын жолға қою - міндетті
іс.
ЦЕСТОДАТӘРІЗДІЛЕР КЛАСЫ
CESTODARIA
Дене құрылысы жағынан таспа құрттарға өте ұқсас. Негізгі
ерекшеліктері: денесі буындалмаған; жыныс жүйесі қайталанбай бір
комплексті болып келеді; ұрығының онкосфера сияқты алты емес,
он ілмешегі болады, сондықтан ол ликофора деп аталады. Класс екі
отрядқа бөлінеді: Gyrocotylidea және Amphilinidea.
Гирокотилида Gyrocotylidea отрядының өкілдері химер балық-
тардың ішегінде паразиттік тіршілік етеді. Денесінің артқы жағында
қатпарланған жапырақ тәрізді тіркелгіш дискісі бар, алдыңғы жағында
сорғышы.
Амфилинида Amphilinidea отрядының негізгі өкілі - Amphilina
foliacea. Бекіре балықтарының дене қуысында тіршілік ететін пара
зит, ұзындығы 5 см, жапырақ тәрізді. Ликофора ұрығы аралық иесінің
(шаянтәрізділердің) ішінде процеркоид личинкасына дейін дамиды.
Аралық иесін жұту арқылы процеркоид бекіренің дене қуысына өтіп,
ересек формасына айналады. Амфилина, Еділ-Каспий бассейнінде
және Сібір өзендерінде кең тараған.
Достарыңызбен бөлісу: