ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
71-cypem.
Таспа құрттың (Diphyllobothrium latum) даму циклі: 1 - жұмыртқа,
2 - корацидияның жұмыртқадан шығуы, 3 - корацидий, 4 - бірінші аралық иесі - циклоп
(қуысында личинка процеркоид), 5 - екінші аралық, иесі - балық (ішкі мүшесінде
личинка плероцеркоид), 6 - негізгі иесі - адам
Ж алп ақ таспа құрт (Diphyllobothrium latum ). Басында екі
саңылауы
- ботриясы болады, денесі 3000-4000-нан аса буыннан
тұрады, ұзындығы 9-10 м. Пісіп жетілген буындарының ені 1,5 см,
жатыны жапырақ тәрізді.
Жалпақ таспа құрттың дамуы иесін алмастыру жолымен өтеді.
Ересек түрі адамның, иттің, мысықтың, түлкінің ащы ішегінде пара-
183
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
зиттік тіршілік етеді. Ұрықтанған жұмыртқалары иесінің ішегінен
нәжіспен араласып сыртқа шығарылады. Әрі қарай даму үшін
жүмыртқалар суға түсуі керек. Су ішінде жұмыртқадан денесі кірпік-
шелермен қапталған алты
ілмекті ұрық корацидий шығып, суда еркін
жүзіп жүреді де, өзінің ары қарай дамуы үшін ол бірінші аралық
иесінің денесіне түсуі керек (71-сурет). Аралық иесі шаянтәрізділер
(Cyclops, Diaptomus туыстастарынан). Циклопка жұтылып, ішегіне
түскен корацидий кірпікшелерін тастап,
ішектің қабырғасын тесіп,
циклоптың дене қуысына түседі және осында процеркоид деп
аталатын құрттәрізді личинкасына ауысады. Процеркоидтың
ұзындығы 0,5 мм, денесінің соңында алты ілмешекті тасымалдайтын
қосымша мүшесі болады, ол моногенея личинкаларының церкомер
бөліміне үқсас. Процеркоид үш апта уақытта дамып, келесі сатысына
өту үшін
екінші аралық иесіне
балықтың денесіне түсуі керек.
Егерде балықтар (шортан, нәлім, алабұға, таутан, албырт) ішінде
процеркоиды бар циклоптарды жұтса, онда процеркоид балықтың
ішегін тесіп балықтың бұлшықеттеріне, жыныс бездеріне, басқа да
мүшелеріне өтіп, осы мүшелерінде
церкомер бөлігін тастап, келесі
плероцеркоид личинкасына айналады. Плероцеркоидтың ұзындығы
1-1,5 см, алдыңғы бөлігінде екі сорғыш саңылауы жақсы дамыған.
Плероцеркоид ересек формасына өту үшін енді негізгі (түпкілі) иесі
адамның, иттің, мысықтың ішегіне түсуі қажет. Толық қуырылмаған
немесе пісірілмеген балықтың етімен бірге ішекке түскен плеро
церкоид, басын шығарып, сорғыш саңылаулары арқылы ішекке жабы-
сып, мойыны жаңа буындарды түзіп, ересек формасына айналады.
Жалпақ таспа құртпен ауыруы
дифиллоботриоз деп аталады.
Адам үшін бұл өте қауіпті ауру.
Достарыңызбен бөлісу: