Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ 72-cypem



Pdf көрінісі
бет121/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

189


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
72-cypem.
Немертинаның құрылысы: A - ішкі құрылысы; 1 - бас қан тамыры,
2 - церебральды ганглиясы, 3 - ауызы, 4 - өңеш, 5 - бүйірлі қан тамыры, 6 - арқа қан 
тамыры, 7 - көлденең қосқыш кан тамырлары, 8 - гонадалар, 9 - жыныс тесігі,
10 - аналь тесігі, 11 - ішек; Б - алдыңғы бөлімінің үзына бойғы кесіндісі; 1 - түмсығы 
шығатын тесік, 2 - қүрсақ нерв ганглиясы, 3 - ауыз тесігі, 4 - өңеш, 5 - түмсық,
6 - тұмсык қынабы - ринхоцелом, 7 - арка нерв ганглиясы, 8 - эпидермис;
В - личинка пилидий; 1 - төбе кірпікшелер шашағы (сүлтан), 2 - ішек,
3 - эктодерманың өсіндісі, 4 - ауыз алды белдеуі, 5 - ауызы, 6 - мезенхима
190


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Зәр шығару жүйесі 
протонефридиялы. Денесінің алдыңғы екі 
бүйірінде арнайы тесігі бар екі зәр шығару түтіктері орналасқан. 
Олардан дене ішіне көптеген қосымша түтікшелер тарайды да, 
тұйықталған жұлдыз тәрізді терминальды клеткалармен аяқталады. 
Түтікшелердің ұштары бүйірлік қан тамырларымен тығыз 
байланысты болады, соның нәтижесінде қандағы зат алмасу 
процесінің жиналған қалдықтары зәр шығару жүйесіне өтеді.
Тыныс алу мүшесі жоқ.
Қан айналу жүйесі 
немертиндерде бірінші рет дамыған, осы 
белгісімен олар жалпақ құрттардан ерекше. Негізінде үш қан тамыры 
болады: арқа және екі бүйірлі. Олар бір-бірімен дененің алдыңғы 
жағында бірігіп бүкіл дене бойында көлденең қосқыш қан тамырлары 
арқылы байланысады. Қан айналу жүйесі қоректік заттарды 
тасымалдайды, сонымен қатар қан түйіршіктерінде әр түрлі тыныс 
алу пигментгерінің, әсіресе гемоглобиннің болуы тыныс алу қызметін 
де атқарады деп санауға болады.
Нерв жүйесі 
жақсы жетілген. Орталық бөлімін екі жұп 
церебральды ганглиялар құрайды. Олардың бірінші жұбы тұмсық 
қынабының үстінде, ал екінші жұбы оның астында орналасып, екі 
нерв талшықтарымен байланысқан. Церебральды ганглиялардан 
артқа қарай екі бүйір нерв бағаналары өтеді, олар тері-бұлшықет 
қабының немесе паренхима аралығында орналасады. Үзын нерв 
бағаналары көптеген көлденең, сақина тәрізді комиссуралармен 
байланысып, ортогон типті нерв жүйесін құрайды.
Сезім мүшелері 
құрамына: екі бүйір саңылауы, церебральды 
мүшелері және көздері кіреді. Бүйір саңылаулары мен церебральды 
мүшелері басының бүйір жағында орналасып, кірпікшелі эпителимен 
қапталған, тек церебральды мүшелері ішке қарай тереңірек батып, 
жіңішке түтікшелер арқылы церебральды ганглияларымен тығыз 
жанасып жатады. Осы екі мүшенің көмегімен жануар судың химиялық 
құрамының өзгерісін және қорегін сезеді. Церебральды мүшелер 
эндокриндік жүйенің қызметін атқарады деген болжам бар.
Көздері 2, 4 немесе одан да көп. Олардың құрылысы турбел- 
ляриялардың көздерінің құрылысына ұқсас келеді.
Теңіз түбінде тіршілік ететін немертиндерде сипап сезу мүшелері 
де жақсы жетілген. Сезім талшықтары бар клеткалар денесінде 
шашырап орналасқан.
Немертиндер дара жыныстылар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет