Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


Dioctophyme renale - алып свайнигі



Pdf көрінісі
бет133/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

Dioctophyme renale - алып свайнигі 
иттің, қасқырдың, түлкінің 
бүйрегінде паразиттік тіршілік етеді. Үрықтанған жұмыртқалары 
иесінің бүйрегінен несеп заттары арқылы сыртқа шығарылады. Ары 
қарай даму үшін жұмыртқалар жауын құрттың (Lumbriculus 
variegatus) ішегіне түсуі қажет. Құрттың ішегінде жұмыртқадан 
шыққан личинкалар дене қуысына өтіп қан жүйесіне түседі де, 
бірнеше рет түлейді. Егер де, ит ішінде личинкасы бар жауын құртты 
жұтса, онда личинкалар иттің ішегін тесіп, дене қуысына одан 
бүйрегіне өтіп, ересек формасына айналады. Осылайша паразит иесін 
алмастыру жолымен дамиды.
Trichocephalus trichiurus - түкбасты құрт 
(қылбас құрт)
79-сурет.
Паразитгі нематодтар: А, Б-түкбасты құрт (Trichocephalus trichiurus), 
аналығы (А), аталығы (Б), қылдай жіп тәрізді денесінің алдыңғы жағы ішектің кілегейлі 
қабықшасына бұрғылап терең еніп тұр; В, Г, Д - трихинелла (Trichinella spiralis), 
аналығы (В), аталығы (Г), етгің арасындағы личинкалары (Д).
20 8


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
адамның соқыр ішегінде және тоқ ішегінде (өте сирек) паразиттік 
тіршілік етеді. Ақшылдау түсті, аталығының ұзындығы 30-40 мм, 
аналығының 25-50 мм. Денесінің алдыңғы жағы қылдай жіп тәрізді 
жіңішкерген, онымен ол ішектің кілегейлі қабықшасына бұрғылап 
терең енеді (79 А, Б-сурет). Сондықтан да оны ішектен шығару өте 
қиын.
Жұмыртқалары тек қана сыртқы ортада, суда немесе ылғалды 
топырақта дамиды. Адамға жұмыртқалары су, жуылмаған көкөніс 
арқылы жұтудың нәтижесінде жұғады. Жұмыртқадан шыққан 
личинка ішектің қабықшасына бекініп, бір айдан соң ересек құртқа 
айналады. Ішек ісініп, ас қорыту жүйесінің қызметі бұзылады.
Құрттар әлемде кеңінен таралған, кейбір жерлерде, мысалы, 
Орталық Италияда тұрғындардың бәрінде кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет