Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


Trichinella spiralis - спиральды трихинелла



Pdf көрінісі
бет134/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

Trichinella spiralis - спиральды трихинелла 
адамның қауіпті 
паразиті. Сонымен қатар шошқаның, егеуқұйрықтың және басқа да 
сүтқоректілердің паразиті. Аталығының ұзыңдығы 1,5 мм, 
аналығының 4 мм. Ересек түрлері иесінің ішегінде, ал личинкалары 
солардың бұлшықеттерінде тіршілік етеді. Осыған сәйкес екі кезеңі 
байқалады: ішек трихинелласы және бұлшықет трихинелласы. 
Тіршілік циклінің барлық кезеңдері иесінің ішінде ғана өтеді, сыртқы 
ортаға шықпайды (79,В, Г, Д-сурет).
Адамның трихинеллезбен зақымдануы шошқаның шала 
қуырылған (пісірілген) етін жегеннен болады. Шошқаның 
зақымдануы өлген егеуқұйрық тышқанның трихинеллалары бар етін 
жеуден, ал егеуқұйрықтылар трихинеллезбен ауырған егеуқұйрықты 
кеміру арқылы кеселге ұшырайды.
Иесінің ішегіне түскен бұлшықет кезеңіндегі трихинеллалар 
өзінің капсуласынан босап, тез өсіп 2-3 күннен соң жыныстық 
дәрежесіне жетіп, ұрықтанады. Бұл ішек трихинеллалары. Аналығы 
өзінің екі ай тіршілік барысында 2000-ға жуық личинкаларын тірідей 
туады. Личинкалар ішек қабырғасын тесіп, лимфа және қан жүйесіне 
түседі де, қан тамырлары арқылы әр түрлі мүшелерге, әсіресе 
бұлшықеттерге тарайды. Осы мүшелерде өсіп, ақырында спираль 
тәрізді бүктетіліп, оның төңірегінде дәнекер тканінен құрылған 
капсула қалыптасады. Кейін капсуланың қабырғасына ізбест 
жиналып, ол ақ түсті болып тұрады. Бұл бүлшықет трихинеллалары. 
Осылайша, трихинелланың даму циклі иесінің ішінде ғана өтеді. 
Трихинеллез ауруын туғызады.
Т р и х и н е л л е з б е н а у ы р ғ а н а д а м н ы ң б е т і і с і п , д е н е қ ы з у ы к е т е -
14— 574
209


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
р іл е д і, д е н е с і с ы з д а п , іш е г і, б ұ л ш ы қ е т т е р і а у ы р а д ы , ө з і н ә л с і з с е з і -
н е д і .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет