Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет131/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

Д а м у ы .
Жұмыртқалар жатынның ішінде ұрықтанады. Нематод- 
тардың көпшілігі жұмыртқа салады, сонымен қатар тірідей туатын 
түрлері де кездеседі (Trichinella туысынан). Тіршілік циклі қарапайым, 
ұрпак алмасуы болмайды. Бірақ, кейбір түрлерінде, мысалы, бака 
өкпесінде паразиттік тіршілік ететін Rhabdias bufonis-тің дамуында 
гетерогония байқалады (екі түрлі үрпақтың пайда болуы).
Нематодтардың эмбриональды дамуына детерминативы 
бөлшектену, бөлшектенудегі жұмыртқаның билатеральды құрылысы 
және жыныс бастамасының ерте ерекшеленуі тән.
Детерминативті бөлшектену екі бластомер кезеңінен басталады, 
яғни үрықтанған жұмыртқа екі бластомерге бөлінеді: біріншісі 
соматикалық (мүшелік) S, екіншісі - жыныстық Р, (Бовери ұсынған 
система бойынша бластомераларды әріппен белгілейді). Ішіндегі ірісі 
S, эктобласт болып саналатын эктодерманың түзіндісі, ал екіншісі 
Р, 
жыныс бастамасы, сонымен қатар баска да мүшелердің негізін 
қалаушы, яғни энтодерманың, мезодерманың түзіндісі. Екінші 
бластомер келесі бөлінулердің бірінде соматикалық бастамадан 
арылып, таза жыныс бастамасына айналады.
Детерминацияға байланысты әрбір жеке мүшелер құрамындағы 
клеткалар саны тұракты. Мысалы, Шенберг ұсақ нематоданың бір
206


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
түрінде 68 бұлшықет, 200 нерв, 120 эпидермальды және 172 ішек 
клеткаларының санын анықтаған. Сол сияқты ірі түрлерінде де клетка 
тұрақтылығы сақталады. Мысалы, аскариданың нерв жүйесі 162 
клеткадан құралған. Осыған байланысты нематодтар регенерациялық 
қабілетінен айрылған.
Нематодтардың жұмыртқалары тығыз қабыршақпен қапталған. 
Жұмыртқадан сыртқы пішіні ересек формасына ұқсас личинка 
шығады. Личинка өсуі мен дамуында төрт рет түлейді, бұл кезде 
ескі кутикула тасталып, жаңасы түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет