ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
тесіктері арқылы аналық жолына, одан жатын және қынап арқылы
сыртқа шығарылады, ал ұрықтанбаған ірі жұмырткалар аналық
жолына өте алмай, қоңырау тәрізді кеңейген тесігінен дене қуысына
қайтадан түседі. Сөйтіп, аналық жолы -жұмыртқаларды іріктеу
қызметін атқарады.
Скребнилердің
даму циклы
әдетте метаморфозбен және иесін
алмастыру жолымен өтеді. Ересек түрлері балықтардың, құстардың
немесе сүткоректілердің ащы ішегінде тіршілік етеді. Үрықтанған
жұмыртқалары нәжіспен бірге сыртқа шығарылады да, одан ары даму
үшін аралық иесінің денесіне түсуі керек. Скребнилердің аралық иесі
көбінесе шаянтәрізділер немесе насекомдар (зауза және кола
қоңыздың личинкалары). Аралық иесінің ішегіне түскен жұмырт-
қадан тұмсығында ілмешектері бар личинка дамиды. Ол ішекті тесіп,
дене қуысына өтеді де, осы жерде өсіп, жыныс жүйесі ғана дамы-
маған ересек түріне айналады. Осындай метаморфоздан кейін
скребнидің тұмсығы тұмсық қынабына тартылып, денесі дөңгелек-
теніп, сырты қабыршақпен оранып капсулаға айналады. Осы күйінде
көп жылдар бойы өмір сүре алады.
Негізгі иесінің ішегіне түскен капсула кезеңіндегі скребнилер
өзінің капсуласынан босап, тұмсығының жәрдемімен ішекке бекініп
жыныстық дәрежесіне жетіп, ұрықтанады. Үрықтанған жұмырт-
қалары нәжіспен бірге сыртқа шығарылады да, жоғарыдағы айтылған
даму циклі қайталанады.
Кейбір түрлерінде даму циклі екі аралық иесі қатысуымен өтеді.
Мысалы, Corynosoma strumosum - тюленнің (итбалыктың) ішегінде
паразитгік тіршілік ететін құрттың бірінші аралық иесі шаянтәріз-
ділер (Pontoporeia туысынан), екіншісі балықтар.
Скребнилер мал, балық және құс шаруашылығына үлкен зиян
келтіріп, олардың өнімділігін азайтады. Мысалы, Pomphorhynchus
laevis, Neorhynchus rutili, Echinorhynchus gadi, Acanthocephalus
anguillae балықтардың паразиттері. Қаяз балықтың ішегінде
Pomphorhynchus laevis-тың 300-ге жуық особьтары табылған.
Polymorphus туысының өкілдері үйректердің, Prosthorhynchus
құстардың паразиттері. Алып скребни (Macracanthorhynchus
hirudinaceus) шошқаның паразиті.
Скребнилер класы екі отрядқа бөлінеді: Palaeacanthocephala және
Archiacanthocephala. Бірінші отрядтың өкілдері балықтардың,
екіншісі - құстар мен сүтқоректілердің паразиттері.
Достарыңызбен бөлісу: