Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет153/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

С'/./
88-сурет .
Скребнилер: А - алып скребни (Macracanthorhynchys hirudinaceus);
Б - таспиқ скребни (Gigantorhyncus moniliformis); В - скребнидің қүрылысы (аталығы); 
1 - ми ганглиясы, 2 - ілмешектермен қаруланған тұмсығы, 3 - тұмсық қынабы, 4 -
аталық без, 5 - цемент бездері
түтікшелер немесе лакуналар жүйесі болады. Гиподерманың қалың 
жерлерінде ірі ядролары бар және бұл жерде скребнилердің негізгі 
энергия көзі болып табылатын гликогеннің қоры жиналады.
Тұлға мен тұмсықтың біріккен жерінде гиподермадан пайда 
болған лемнискалар деп аталатын, лента тәрізді өсінділер тұмсық 
қынабының екі жағында орналасқан. Лемнискалардың атқаратын 
қызметі толық анықталмаған. Болжам бойынша тұмсықтың қынап 
қуысына тартылып және сыртқа созылып шығуына қатысатын болуы 
керек.
Тері-бұлшықет қапшығы сыртқы сақина тәрізді және ішкі ұзына 
бойы созылған бұлшықет талшықтарынан құралған. Алғашқы дене 
қуысы (схизоцель) жақсы дамыған.
Иесінің ішегінде паразиттік тіршілік етуіне байланысты ас ко­
рыту жүйесі толығымен жойылған. Қорытылған қорек затты паразит 
дене жабыны арқылы сіңіреді. Бұған қосымша гиподерманы тесіп
235


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
өтетін түтікшелер немесе лакуналар жүйесі де қорытылған заттарды 
өткізіп маңызды рөл атқарады.
Зәр шығару жүйесі 
- протонефридиялы. Кейбір түрлерінде ғана 
дамыған. Мысалы, алып скребнилерде (Macracanthorhynchus 
hirudinaceus) ұштарында колба тәрізді кірпікшелі клеткалары бар 
тарамдалған түтікшелер екі негізгі жинағыш түтікке өтеді де, олар 
жыныс жүйесінің тұқым шығару жолына ашылады. Сонымен 
скребнилердің ерекшелігі зәр шығару мен тұқым шығару жолдары 
қосылған.
Тыныс алу және қан айналу жүйесі 
болмайды. Анаэробты 
жолымен тыныс алады.
Нерв жүйесі 
қарапайым құрылысты. Ми ганглиясы тұмсық 
қынабына еніп жатады, одан жұқа нерв талшықтары алға тұмсыққа 
карай және екі бүйір нерв бағанасы дененің артқы бөліміне қарай 
бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет