Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет150/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

Seisonidea отряды
Өкілдері теңіз шаяндарының (Nebalia) 
желбезектерінде паразиттік тіршілік етеді. Денесі құрт тәрізді, 
мойыны және аяғы ұзын, айналмалы кірпікшелі аппараты жойылған.
Bdelloidea отряды. 
Өкілдері су түбінде, қара шірік топырақтарда, 
мүктерде тіршілік етеді. Денесі құрт тәрізді ұзын, жер бауырлап жай 
қозғалады. Негізгі өкілі Rotifer neptimunus су түбінде мекендейді.
Monogononta отряды 
коловраткалардың негізгі отряды. Көбісі 
тұщы суларда, теңіздерде кездеседі, топырақта да тіршілік етуге 
бейімделген. Бұлар түрлер саны жағынан да артады.
Суда мекендейтін түрлері 
планктон және бентос формалары. 
Планктонды формалар су айдындарының әр түрлі тереңдігінде 
қалқып тіршілік етеді. Осыған байланысты олардың дене өсінділері, 
үскі (сверло) тәрізді айналмалы аппараты жақсы дамыған және қосал- 
қы мүшелері болады. Бұл топқа Notholca, Polyarthra, Pedalion, 
Triarthra тағы басқа туыстарының өкілдері жатады. Жиі кездесетін 
түрлері: Notholca longispina, Polyarthra platyptera.
Бентосты формалары су түбінде еркін қозғалып немесе су 
астындағы заттарға бекініп тіршілік етеді. Еркін қозғалатын коловрат­
калар - Brachionis, Synchaeta, Conochilus, Rattulus туыстарының 
өкілдері. Бекініп тіршілік ететін түрлерінің көпшілігі кілегей қабықты 
түтіктерді жасап, соның ішінде отырады. Бұлар 
Stephanoceras, 
Floscularia, Melicerto туыстарының өкілдері.
Топырақтарда, мүктерде, ал кейбір түрлері паразиттік тіршілік 
етуге бейімделген. Мысалы, Diglena volvocicola вольвокс колония- 
сында мекендейді.
Коловраткалар судың кеуіп, құрғап қалған жағдайда анабиоз 
күйіне ауысады да, бірнеше жыл бойы өмір сүреді және осы күйде 
кең таралады.
Коловраткалардың басқа организмдерге қорек ретінде 
маңызы зор.
232


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Коловраткалар кірпікшелі айналмалы аппаратымен, протонеф- 
ридияның құрылысымен, жер бауырлап қозғалатынымен тур- 
беллярилерге ұқсас. Кейбір авторлар коловраткалар турбелляриялар- 
дан, соның ішінде тік ішектілерден - Rhabdocoela-лардан пайда болды 
деп санайды.
Коловраткалар құрылысы жағынан (схизоцель қуысы, тері- 
бұлшықет қапшығының жоқтығы, кірпікшелерінің болуы, 
протонефридияның құрылысы) құрсақ кірпікшелілер класына жақын. 
Негізгі белгілерімен коловраткалар жұмыр құрттар типіне жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет