Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет156/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

________________________
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
 
________________
23 8


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Б У Ы Л Т Ы Қ
Қ Ұ Р Т Т А Р Т И П І - A N N E L I D A
Аннелидтер (латынша “annulus” 
сақина) немесе буылтық 
құрттар типі 
жоғарғы сатыдағы құрттар, целом қуысты (Coelo­
mata) жануарлар. Буылтық құрттар төменгі сатыдағы құрттардан 
морфологиялық жағынан да, биологиялық жағынан да ерекше. 
Бұлардың денесі кезектесіп қайталанып келетін сегменттерден немесе 
метамерлерден (сақина тәрізді буындардан) құралған. Дене сегмент 
аралықтары қыналған белдеумен бөлініп тұрады әрі ішкі мүшелері 
де сегменттелген, яғни сыртқы метамериясы ішкі метамериясына 
сәйкес. Тағы бір ерекшелігі дененің екінші қуысы немесе целом 
қуысы бар. Ол бірінші қуысты (схизоцель) ығыстырып, өзіндік 
қабықталған қабаты бар қуысқа айналады. Қуыс сегменттелген және 
сұйық затқа толы. Целомның (қуыстың) қалыптасуына байланысты 
қан айналу жүйесі де дамыған.
Ac қорыту жүйесі алдыңғы, ортаңғы, аналь тесігімен бітетін артқы 
ішектен кұралған.
Зәр шығару жүйесі метанефридиялы.
Нерв жүйесі жұп жұтқыншақ үсті ганглиядан, жұтқыншақ 
айналасы коннективадан және ұзынынан орналасқан құрсақ нерв 
тізбегінен тұрады. Нерв жүйесі дененің әрбір сегментінде жұп нерв 
ганглиядан құралған.
Жыныс жүйесі көпшілігінде гермафродитті, кейбіреулерінде дара 
жынысты. Жұмыртқалары спиральды және детерминативті жолымен 
бөлінеді. Төменгі сатыдағы өкілдерінің дамуы метаморфоз арқылы 
өтеді. Личинкасы трохофора.
Буылтық құрттардың денесі арқа-құрсақ (дорза-вентральды) 
бағытына қарай жалпақтау, ұзындығы бірнеше миллиметрден 2,5 
метрге дейін.
Буылтық құрттар теңіздерде, тұщы суларда, топырақтарда 
кездеседі, паразиттік тіршілік ететін өкілдері де бар, 9000-ға жуық 
түрлері белгілі.
Буылтық құрттар типі екі тип тармағына бөлінеді: белдеусіздер 
Aclitellata және белдеулілер - Clitellata.
БУЫЛТЫҚ ҚҰРТТАР ТИПІ ANNELIDA
БЕЛДЕУСІЗДЕР ТИП ТАРМАҒЫ ACLITELLATA
КӨПҚЫЛТАНДЫЛАР КЛАСЫ POLYCHAETA
КЕЗБЕШІЛЕР НЕМЕСЕ ЕРКІН ЖҮЗУШІЛЕР КЛАСС
ТАРМАҒЫ ERRANTIA
239


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
ОТЫРҒЫШТАР НЕМЕСЕ БЕКІНІП ТІРШІЛІК ЕТЕТІНДЕР 
КЛАСС ТАРМАҒЫ - SEDENTARIA 
БЕЛДЕУЛІЛЕР ТИП ТАРМАҒЫ CLITELLATA 
АЗҚЫЛТАНДЫЛАР КЛАСЫ OLIGOCHAETA 
Найдоморфа отряды 
Naidomorpha 
Люмбрикоморфа отряды - Lumbricomorpha 
СҮЛІКТЕР КЛАСЫ - HIRUDINEA
ЕЖЕЛГІ СҮЛІКТЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ ARCHIHIRUDINEA 
Қылтанды сүліктер отряды Acanthobdellida 
НАҒЫЗ СҮЛІКТЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ EUHIRUDINEA 
Тұмсықты сүліктер отряды - Rhynchobdellida 
Жақты сүліктер отряды 
Gnathobdellida


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет