Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ



Pdf көрінісі
бет181/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

276


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Бұл шаянтәрізділер мен өрмекшітәрізділерге тән, бас және тұлға 
көпаяқтыларға тән, ал насекомдардың денесі бас, кеуде және құрсақ 
тагмасына айқын бөлінген.
Буынаяқтылардын дене сегменттерінің саны әр түрлі систе- 
матикалық топтарда әр түрлі, тек бастың сегменттер құрамы тұрақ- 
ты. Басы акроннан және төрт сегменттен құралады. Акрон арғы 
тегінің бас қалқаншасы немесе простомиумы (prostomium - ауыз алды 
сегмент). Акронда сезім мүшелері: антенна немесе мұртшалары, 
күрделі фасеттік көздері және бірнеше қарапайым құрылысты 
көзшелері орналасқан, тек өрмекшітәрізділердің антеннасы жоқ. 
Акронға денесінің төрт сегменті қосылып бас бөлімін құрайды. Бас 
бөлімінің осылайша қалыптасуын цефализация (грекше kephale - бас) 
процесі деп атайды.
Басына қосылған сегменттерінің буындалған аяқтары қорегін 
ұстау, майдалау, шайнау қызметтерін атқаруға бейімделіп ауыз мү- 
шелеріне немесе ауыз аппаратына айналған, олар жұп үстіңгі жақ 
мандибула және астыңгы жақ - максилла І-ші мен максилла ІІ-ші. 
Максилла ІІ-ні астыңғы ерін деп те атайды.
Буынаяқтылардың кеуде сегменттері өте жақсы дамыған, олардьщ 
жұп аяқтары жылжу, жүру, жүзу, яғни қозғалысқа (локомоторлы) 
бейімделген. Құрсақ аяқтары көпшілігінде редукцияға ұшырап, 
олардың қалдықтары құрсағының соңында әр түрлі өсінділер ретінде 
қалған, мысалы, құйрық жіпшелері, церкийлер, грифелькийлер, 
шаншарлар, жұмыртқа салғыштар, тек өзен шаянының аналықтарын- 
да құрсақ аяқтары ұрықтанған жұмыртқаларын жинап ұстауға, ал 
аталықтарыңда жыныс өнімін аяғына құйып сақтауға бейімделген.
Буынаяқтылардың аяқтары арғы тегінің параподия деп аталатын 
жалған аяқтарынан дамып, эволюция барысында атқаратын қызметіне 
сай бірнеше буындарға мүшеленген (типтің аты да осыған байла- 
нысты). Аяқтары өз сегментінде қозғалмалы түрде орналасқан.
Буынаяқтыларда арғы тегінің тері-бұлшықет қапшығы барынша 
жіктеліп, бөлініп, шоғырланған бұлшықеттерге айналған. Олар 
көлденең жолақты, жиырылып босаңсуы арқылы мүшелерді қозға- 
лысқа келтіреді, ұштарымен хитинді кутикуланың ішкі өсінділеріне 
тіркелген.
Буынаяқтылардың дене қуысы аралас немесе миксоцель. ¥рық- 
тық даму кезіңде бұларда екінші реттік қуыс, яғни целом пайда болады 
да, кейін целомның арнайы перитонеальды эпителий қабаты әр 
жердей еріп, сонда екінші реттік қуыстың сұйық заты бірінші реттік
277


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
қуыстың қалдық сұйығымен араласады да, миксоцель қуысына 
айналады, оның қызметі - тірек, тасымалдау және қор жинау.
Ac қорыту жүйесінде буылтық құрттардікі сияқты үш бөлімі бар: 
алдыңғы, ортаңғы және артқы ішек. Алдыңғы және артқы ішегі 
эктодермальды, ішкі жағынан хитинді кутикуламен, ал ортаңғы - 
энтодермальды ішегі безді эпителиальды клеткалармен астарланған. 
Ac қорыту жүйесіне түрліше ферменттер бөлетін қосалқы бездері 
де жатады.
Зәр шығару жүйесі бір түрлерінде буылтық құрттардың түрі 
өзгерген метанефридиясына ұқсас болса, екіншісінде 
Мальпиги 
түтігі түрінде болады. Олар антеннальды және максиллярлы (шаянтә- 
різділерде), коксальды бездер (өрмекшітәрізділерде), Мальпиги тү- 
тікшелері (насекомдарда, көпаяқтыларда, кейбір өрмекшітәріз- 
ділерде).
Буынаяқтылардың ортаға бейімделуіне байланысты тыныс алу 
мүшелері желбезек, өкпе, трахея (кеңірдек) түрінде болады. Шаян- 
тәрізділер суда тіршілік ететіндіктен желбезек арқылы тыныс алады. 
Желбезектері аяқтарының эпиподит деп аталатын жұқа өсінділері. 
Құрлықта тіршілік ететін өрмекшітәрізділер өкпе және трахея 
арқылы тыныс алады. Өкпелері шаянтәрізділердікіндей аяқтарының 
эпиподит өсінділері. Бірақ бұлар дененің ішіне қарай тартылып 
орналасқан. Трахеялары (кеңірдектері) хитинді кутикуламен 
астарланған, бұтақталған түтік сияқты. Олар дененің бүйір жағын- 
дағы стигма деп аталатын тыныс алу тесіктерімен сыртқа ашылады. 
Көпаяқтылар мен насекомдар тек қана трахея арқылы тыныс алады, 
бұлар - трахеата тип тармағының негізгі кластары.
Қан айналу жүйесі көпкамералы жүректің пайда болуымен ерек- 
шеленеді, ол перикардия (грекше peri төңірегінде, айнала; kardia 
жүрек) деп аталатын жүрек қабы ішінде орналасқан. Жүректен 
шыққан қолқа және артерия қан тамырлары дене бөлімдеріне тарап, 
сол жерде үзіледі де қан аралас (миксоцель) қуысына құйылады. 
Қуысқа құйылған қан сондағы сұйықтықпен араласып гемолимфаға 
(қан клеткалары мен ткань аралық сүйықтыққа) айналады. Сондықтан 
да буынаяқтылардың қан айналу жүйесі ашық және қаны гемолимфа 
деп аталады. Гемолимфа түссіз, кейде сарғыштау немесе жасыл түсті, 
қорытылған заттарды тасымалдайды, зат алмасу процесінде пайда 
болған несеп заттарды зәр шығару мүшелеріне жеткізеді, ішкі 
қысымды қалыпты деңгейде сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет