Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет176/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

СИПУНКУЛИДТЕР КЛАСЫ 
SIPUNCULIDA
Теңіздерде, су түбін қазып немесе бос құбырларда, өзге жануар- 
лардың қабыршағында тіршілік ететін құрт тәрізді жануарлар. Бұлар 
эхиуридтер тәрізді сегменттелмеген, целомды жануарлар. Денесінің 
алдыңғы бөлігі ішке қарай тартыла алатын тұмсыққа айналған, оның
26 8


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
ұшында қысқа қармалауыштармен қоршалған ауыз тесігі орналас- 
қан. Денесінің арқа жағында, түмсықтың біршама артында аналь 
тесігі ашылады.
Сипункулидтер барлық теңіздерде кездеседі. 250 түрі бар. 
Олардың орташа мөлшері бірнеше сантиметр, ең ірілері 51 см-ге 
жетеді (Siphonomecus multicinctus).
Қ ұ р ы л ы с ы м е н ф и з и о л о г и я с ы .
Денесі тұмсық пен кеудеге 
бөлінген. Төрт бұлшықет 
ретракторларының көмегімен тұмсығы 
тұлға бөлімінің ішіне қарай тартылады. Целом сұйықтығының 
қысымы және денесінің сақина тәрізді бұлшықеттерінің жиырылуы 
нәтижесінде тұмсығы сыртқа созылып шығады. Тығыз кутикуланың 
астында бір қабатты көп клеткалы бездері бар эпителий орналасқан. 
Тері-бұлшықет қапшығы сыртқы сақина тәрізді, ортаңғы қиғаш, ішкі 
ұзына бойы созылған бұлшықеттерден тұрады, одан тереңіректе 
целом қуысын астарлаған перитонеальды эпителий бар.
А с к о р ы т у ж ү й е с і
эктодермальды алдыңғы, энтодермальды 
ортаңғы жэне эктодермальды артқы ішектер, оның ұзындығы 
денесінен екі есе артық. Түмсығының ұшында орналасқан ауыз тесігі 
жұтқыншаққа, одан ішекке жалғасады, ол толқын тәрізді иірімдер 
жасап артқа қарай бағытталып, денесінің соңғы бөліміне жеткесін 
тура осындай иірімді жолмен кері қайтады. Ішек өзін ұстап тұратын 
ерекше байламының төңірегінде оралып жатады. Аналь тесігі 
тұмсықтың арқа жағында ашылады.
Сипункулидтер теңіз лайын жұтып, одан органикалық қалдық- 
тарын бөліп алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет